"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


БАДАМДЫҚТАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

Дүйсенбі, 04 Қыркүйек 2017 14:42
БАДАМДЫҚТАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

Ордабасы ауданында индустриялды аймаққа айналған Бадам аумақ округіндегі Мамыр ауылынан 200 балаға арналған «Ұлағат» атты жалпы орта мектебі ашылып, тұрғындарды қуанышқа бөледі.

Білім ұясының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Р.Қайыпжанов мемлекет тарапынан білім саласына қамқорлық толастамайтынын, алғашқы білім күнінде мектепке барған 28203 ордабасылық оқушының 3600-і білім ұясының табалдырығын алғаш аттағанын жеткізді.

Сонымен бірге оқушылар мен тұрғындарды аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Сәдуақасов пен аудандық мәслихат депутаты С.Абжалов та құттықтап, қуанышқа ортақ екендіктерін білдірді. Осы күні мұнан өзге Қараспан аумақ округіне қарасты Сарыарық ауылында 80, Шұбарсу ауылындағы үш ауысымда білім алып келген Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектеп жанынан қосымша 300 орындық, тағы 100 орындық «Парасат» бастауыш мектептері ашылып, пайдалануға берілді.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper