"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


МАҚТААРАЛ: ҮШ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Дүйсенбі, 04 Қыркүйек 2017 11:38
МАҚТААРАЛ:  ҮШ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Оның екеуі жаңа мектеп болса. үшіншісі жаңа ғимаратқа көшті. Қазыбек би ауылдық округі, Таубай ата ауылындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектепте 600-ге тарта оқушы 3 ауысымда оқып келген. Акт, спорт залдары мүлдем болмаған. Енді міне, жас өрендер заманауи үлгіде салынған 200 орынды жаңа мектеп ғимаратында білім алуда.

Жаңа мектеп ғимаратының ашылу салтанатында облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Б.Есқараев, аудан әкімі Ғ.Исмаилов қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Дәл осы күні Қазыбек би ауылында тағы бір мектеп пайдалануға берілді. №13 орта мектеп ғимараты 200 орынды. Ж.Нұрлыбаев ауыл округі «Ырысты» ауылында жаңадан ашылған С.Торайғыров атындағы 200 орынды мектеп ғимараты да елдің көптен күткен білім ордасы. Жалпы Мақтаарал ауданында соңғы бес жылда  48 жаңа мектеп ғимараты салынды. Былтыр бір жылдың өзінде 11 мектеп бой көтерді.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper