"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«БIЗ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА БЕТ БҰРҒАН ЖҰРТПЫЗ»

Жұма, 01 Қыркүйек 2017 15:31
«БIЗ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА БЕТ БҰРҒАН ЖҰРТПЫЗ»

 

Бұл туралы Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Жансейiт Түймебаев Оңтүстiк Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндерi аясындағы аймақ ақын-жазушыларының шығармашылық кездесуi мен «Тұлға. Тәуелсiздiк. Тарих», «Жаһан таныған жетi тұлға» атты кiтап көрмесiнiң тұсаукесерiнде айтты.

 

Жиында сөз бастаған облыс басшысы Жансейiт Түймебаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жайлы ойын бiлдiрiп, бүгiн тұсауы кесiлiп отырған кiтаптар көрмесiндегi әрбiр шығармаға ерекше тоқталды.

«Бiз кезiнде ерiктi, ерiксiз алыстап кеткен өз рухани құндылықтарымызға қайта келе жатқан жұртпыз. «Рухани жаңғыру» – соның көрiнiсi. Қазiргi кезде рухани жаңғыру аясында әдебиет мәселесiне қатысты өрелi ойлар ортаға салынып жатыр. Әдеби ортаның шығармашылық әлеуетiн көтеру қаламгерлерге тың серпiн бередi. Аймақта түрлi республикалық деңгейдегi мереке, айтулы күндерге орай, сондай-ақ, өлкенi таныту мақсатында да түрлi кiтаптар шығарылып тұрады. Бүгiн тұсауы кесiлгелi отырған екi кiтап соған дәлел» дедi ол.

Сонымен, «Жаһан таныған жетi тұлға» кiтабы жайлы толығырақ тарқатсақ. Бұл – бөлекше бiтiмдi, мазмұны мен маңызы өзгеше туынды. Шынында да жаһан жан–жақтан таныған, күллi жер жүзi кемеңгерлер ретiнде мойындаған, адамзаттың, әлемдегi мерейлi мемлекеттердiң тағдыры мен тарихында теңдессiз рөл атқарған және атқарып келе жатқан жарқын да жасампаз тұлғалар бейнеленген. Жетi алып та – айрықша алыптар, қайталанбас құбылыстар. Олар: Нұрсұлтан Назарбаев, Джордж Вашингтон, Махатма Ганди, Уинстон Черчилль, Мұстафа Кемал Ататүрiк, Шарль Де Голль және Ли Куан Ю. Кiтапта «Ғибрат ғұмыр үздiктерi» деген тақырыппен титан тұлғалардың әрқайсысына мәнiсi терең мiнездемелер берiлген. Әрине, олардың ортасынан ойып тұрып орын алған Ұлы дала перзентi, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың Тәуелсiз Қазақ елiн қалыптастырудағы қиын да, күрделi кезеңдерден жол тауып шыққандығы баяндалады. Авторы Абай Ескендiров 656 беттен тұратын бұл кiтапты 4 жылда жазып шыққан.

Ал, «Тұлға. Тәуелсiздiк. Тарих» – «Личность. Независимость. История» кiтабы үш бөлiмнен тұрады. Аталған туындыдағы «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлiмде Елбасының қасиеттi мекенге табан тiрегенi турасында толғанатын тұстар жан-жақты қамтылған. Кiтаптың екiншi бөлiмiнде Елбасымыздың шетел басшыларымен оңтүстiктегi кездесулерi сәттi суреттерiмен әңгiмеге арқау болған. Ал, үшiншi бөлiмде мемлекет басшысының облысымызға 1991 жылдан басталған сапарлары жан-жақты баяндалады. Басылымға оңтүстiк өңiрiне жасаған сәуiрдегi сапары да енгiзiлiп отыр. Кiтап екi тiлде шыққан. Екi кiтап та «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper