"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


Сенiм грамоталарын қабылдады

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:31
Сенiм грамоталарын қабылдады

Елбасы Н.Назарбаевқа Швеция ел­ші­сі Матс Фойер, Куба елшісі Эмилио Певида Пупо, Үндістан елшісі Прабхат Кумар, Ұлыбритания елшісі Майкл Джон Гиффорд сенім грамотасын тапсырды.

Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларды Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың жауапты әрі мәртебелі миссиялары елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты да­мы­туға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті Ұлыбритания елшісіне арнаған сөзінде экономикалық бағыт еліміздің шетелдік әріптестермен ынтымақтастығының өзегі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Швециямен ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән беретінін айтып, Швеция Риксдагының спикері Урбан Алиннің елімізге сапары өткен жылдың маңызды оқиғасына айналғанына тоқталды.

Н.Назарбаев Прабхат Кумарды Үндістанның Шанхай ынтымақтас-тық ұйымының толық мүшесі болуымен құттықтап, Үндістанды сыртқы саяси және сауда серіктесі ретінде қарастыратынын жеткізді.

Сонымен қатар, Елбасы соңғы жылдары Қазақстан-Куба қарым-қатынастары айтарлық­тай жанданғанын, ынтымақтастықты нығайту үшін нақты жұмыстарды жалғастыру қажет екенін айтты.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper