"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ТАПСЫРМАЛАР ТИЯНАҚТЫ ОРЫНДАЛАДЫ

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:31
ТАПСЫРМАЛАР ТИЯНАҚТЫ ОРЫНДАЛАДЫ

 

Облыс әкімі Ж.Түймебаев 2020 жылы Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы атануына байланысты шаһарды сол уақытқа дейін дамытып, көркейту қажеттігі туралы мәселе қозғады. Әкімнің тапсырмасына орай Шымкентті шырайлы қалаға айналдырудың іс-шаралар жоспары бекітілмек. Сондай-ақ, келешекте әсем гүлзарлар мен Арбат салу күтілуде. Ал, «Ескі шаһар» аумағындағы археологиялық қазба жұмыстары уақытқа қарамай одан әрі жалғаса береді.

 

Өңір басшысы облыстық мәс­лихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясына қатысты. Сессия отырысында Жансейіт Қансейітұлы қоғамдық өмірде белсене іс атқарған бір топ азаматқа Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасын тапсырды. Сессия соңында әкім депутаттарды Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын ел арасында кеңінен насихаттауға шақырды. Сонымен қатар, өңір басшысы Жолдауда айтылған әрбір бағытқа тоқталып, сол бойынша қандай жұмыстар қолға алынатынын баяндап берді.

Облыс әкімі Шымкент қаласындағы алғашқы құрылыс материалдары көрмесін аралады. Әкіммен бірге ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ә.Құртаев та болды. Онда Жансейіт Қансейітұлы импорттық тауарларды жергілікті материалдармен алмастыру жайын сөз етті. Іссапар аясында өңір басшысы темір-бетон өнімдерін шығаратын «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper