"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЕКІ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:30
ЕКІ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 

Серікқали ЖЕКСЕНБАЕВ, «Оңтүстік Қазақстан».

 

Шымкент қаласында №1 облыстық балаларды оңалту орталығы салтанатты түрде ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Ж. Түймебаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Егізбаев қатысты. Мұнда 3 жасқа дейінгі неврологиялық ауруларға шалдыққан сәбилер емделеді. Орталық әр 25 күн сайын 100 бала қабылдай алады. Ата-аналар бұрынғыдай науқас перзенттерін емдету үшін енді Астанаға сабылмайтын болды. Мұнда жұмыс істейтін мамандар рес­­­публика орталығында және Германияда кәсіби біліктілігін жетілдіріп қайтты. Орталық басшысының айтуынша, диспансерлік есепте церебральды паралич диагнозымен тұрған 1700-ден астам сәби кезең-кезеңімен толық оңалтуға қамтылатын болады. Оған мүмкіндік мол. Таяуда шетелдік мамандар науқастың тірек-қимыл қозғалысын қалпына келтіру бойынша оқу-жаттығу өткізбек.

Білікті бас дәрігер А.Шоқатай басқаратын оңалту орталығы күрделі жөндеуден сапалы өтіп, қажетті барлық құрылғылармен және аппараттармен жабдықталған. Неврологиялық науқаспен ауыратын 3 және 14 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арнап роботтандырылған «LOKOSTATION» аппараты сатып алынды. Осы заманауи құрылғының көмегімен науқас балалар жаттығу жасап, жүруге әрекеттенеді. Ғимарат ішінде емдік жаттығу өткізетін суы жылытылатын арнайы жүзу бассейні де бар. Ата-аналар науқас балалар үшін осындай қамқорлық танытқан облыс әкіміне шынайы алғыстарын жеткізді.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper