"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


Жолдау жүктеген міндеттер заман талабы

Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 12:00
Жолдау жүктеген міндеттер заман талабы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын баспасөзден оқып таныстым. Бұған дейінгі мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларында да басты назарды білім беру, білімнің сапасын арттыруға аудару керектігі айтылды. Бұл жолы да Елбасы қазақстандықтардың әсіресе, үш тілді меңгеруге тиістігі, еліміздің дамуы білімді жастардың қолында екендігіне тоқталды.

Жолдауда Президент балабақшалардың жұмысын жетілдіру мәселесін де сөз етті. 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында мектепке дейінгі білім беру мекелелері көптеп салынып, бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 85,5 процентке жетті. Бұл – тамаша көрсеткіш. Ендігі жерде Елбасы балабақшалардың санын ғана емес сапасын арттыру, ондағы берілетін тәрбие мен алғашқы білімді мазмұндырақ ете түсу міндетін қойып отыр.

«Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді. Үкімет бұл міндетті орындауға тиіс. Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыру керек. Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады» деді Елбасы Н.Назарбаев. Бұл үшін оқу орындарында ақпараттық технологиялар негіздерін тереңдете оқыту қажеттілік, әрі барлық мамандық иелерінің бұл саладан хабардар болуын міндеттейді.

Жолдауда айтылғандай, алдағы кезде әсіресе, жас ғалымдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету жаңдана түспек. Оларға мемлекеттік гранттар бөлу, квота беру көлемі ұлғаймақшы.

 «Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келді. Жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан бекіту керек» дей келе Елбасы шетелдік менеджерлерді тарта  отырып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу қажет екенін айтты.

Жолдауда сөз болған маңызды міндеттерді жүзеге асыру Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын айқындап берері даусыз. Олай болса, дамыған, мәңгілік ел қалыптастыру жолында Жолдау жүктеген міндеттерді орындау болашағымызды жарқын етуге негіз қалайды.

 

Гауһар БЕКБЕРГЕНОВА,

Шымкент аграрлық колледжінің директоры.

 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper