"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«АДАМ ҮШІН ЕҢ ҰЛЫ ТҰЛҒА – ҰСТАЗ» (Жолдауға қолдау)

Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 11:41
«АДАМ ҮШІН  ЕҢ ҰЛЫ  ТҰЛҒА – ҰСТАЗ» (Жолдауға қолдау)

Сәрсенбіде Өңірлік коммуникациялар қызметінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы бойынша қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов пен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Байболов брифинг өткізді. Жиында Жолдауда айтылған он міндетке жеке-жеке тоқталып, оны жүзеге асыру жолдары да қарастырылды.

–Адам баласының алмайтын асуы, шықпайтын белгі болмайды. Оны тәжірибе жүзінде көрсететін уақыт жетті. Кей кезде адамға жігерлілік жетпей жатады. Егер өз ісіне толыққанды сенімді болып, осы ісіммен отбасыма, Отаныма пайда беремін деп ойласа, алға қойған мақсатына сөзсіз жетеді. Осы тұста, Елбасы айтқан адамзат тарихындағы төртінші өнеркәсіптік революцияға қадам басар алдында нақты мақсатымызды айқындап алғанымыз жөн. Мемлекет басшысының 10 міндет жүктеген биылғы Жолдауының өзегі де осы. Бүгінде өнеркәсіпті еңбек қарқынымен емес, жаңа технологияларды пайдалану арқылы бағындыра аламыз. Елбасы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында елді дамыту мәселесіне бағытталған биылғы Жолдауында «Адамзат өндірістік революция кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді күнде өзгертіп жатыр. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үрдісін тездетуі тиіс» деді. Демек, біз әлемдегі ең озық технологияларды өндірісте пайдалансақ, межелеген 30 елдің қатарына аз уақыт ішінде ене аламыз,-деді қоғам қайраткері Ш.Мырзахметов. Сондай-ақ ол Елбасының ұстаз беделін көтеру жөніндегі бастамасы көңіл сүйсінткенін жеткізді. Ол «Адам үшін ең ұлы тұлға – ұстаз» дегенді мағыналы мысалдармен түсіндірді. Мұнан кейін сөз алған Қанат Сейітжанұлы Елбасы Жолдауында көрсетілген 10 бағытттың жоғары оқу орындарына қатыстылығын айта келе, Қазақстан азаматтарының инвестициялық мәдениетін арттыру, еліміздің қаржы секторын дамыту, ірі қазақстандық компаниялар мен капиталды дамытудағы IPO бағдарламасының тиімділігі туралы толығырақ түсіндіріп берді. Сондай-ақ оқытушы ауылшаруашылығы саласы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындары жаңа бағдарламалар бойынша жұмыс істеу керектігін сөз етті.

Дамира МОЛДАНАЗАРОВА.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper