"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ҚҰРЫЛЫСҚА ОТАНДЫҚ ӨНIМДЕРДI ПАЙДАЛАНУ ҚАЖЕТ

Бейсенбі, 11 Қаңтар 2018 11:07
ҚҰРЫЛЫСҚА ОТАНДЫҚ ӨНIМДЕРДI ПАЙДАЛАНУ ҚАЖЕТ

 

Құрылыс саласына жергілікті тауар өндірушілердің отандық өнімдерін мейлінше жиі пайдалану қажет. Бұл өз кезегінде құрылыс сапасын арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізетін болады. Бұл туралы Шымкент қаласында жаңадан таныстырылымға ұсынылған құрылыс материалдары көрмесін аралап көрген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

 

Көрмеге «Азия керамик», «Арт құрылыс», «Ақ орда», «ССИ», «Отау строй», «OTAU HOME SERVICES» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері өндіретін құрылыс материалдары орналастырылған. Ондағы мақсат – жергілікті тауар өндірушілердің шетелдік құрылыс материалдарын алмастыра алатынын көрсету. Іссапар барысында өңір басшысымен бірге болған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ә.Құртаев отандық құрылыс материалдарының бүгінгі жайкүйімен танысты.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында негізгі құрылыс материалдарының және конструкцияларының 50-ден астам түрі шығарылады. Ал, құрылысқа арналған жабдықтар, бұйымдар мен конструкциялар шығаратын 30 ірі және орта кәсіпорын мен 120-дан астам цех жұмыс істейді.

Көрмедегі құрылыс компанияларының әлеуетімен танысып шыққан өңір басшысы ең бірінші сапаға мән беруді тапсырды. Сонда ғана бәсекеге қабілетті орта қалыптастыруға болады деген әкім алдағы уақытта құрылыс бұйымдарының импортын азайтуға күш салуды жүктеді.

«Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс бұйымдарының импорты өңір қажеттілігінің 80 пайызын құрайды. Полимерден жасалатын тұсқағаздар мен жабындылар толығымен сырттан тасымалданады. Осы үрдісті азайтуымыз қажет. Ол үшін өңіріміздегі шикізаттарды тиімді пайдаланып, қайта өңдеу мәселесіне көңіл бөлу қажет» деді облыс әкімі.

Мұнан соң өңір басшысы мен сенатор Ә.Құртаев Шымкент қаласындағы «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС-нің темір-бетон шығаратын зауытына аялдап, кәсіпорынды аралап көрді. 2001 жылы іске қосылған зауытта бүгінде 100-ден астам темір-бетон өнімдері шығарылады. Кәсіпорын 2014 жылы 1 млрд. теңге инвестиция тартып, қайта жаңғыртылған. Осы жұмыстардың арқасында зауыт жылына 150 мың текше метр құрылыс матариалдарын шығаруға қол жеткізіп отыр. Қазір мұнда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper