"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


Әкіміңізге ризасыз ба?

Дүйсенбі, 08 Қаңтар 2018 11:52
Әкіміңізге ризасыз ба?

Жылдағы дәстүр бойынша ауылдық, аудандық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру жиындары басталғалы тұр. Әкімдердің өткен жылы атқарған жұмыстары тұрғындардың көз алдында. Елді әсіресе, алда атқаратын жұмыс-жоспары қызықтырады. Берген уәденің орындалуы да құнды.

Несін жасырайық, ел алдындағы есепке жұртшылық бастапқы кездегідей қазір аса қызығушылық танытпайтын болған. Оның себептері де аз емес. Біріншіден, есеп беру жиындарына ауыл-аймақ әкімінің жұмысына сын көзбен қарай қоймайтын, биліктің кемшілігін айтпайтын азаматтардың іріктеліп шақырылатындығы. Жалпы тұрғындардың әкімнің есеп беру жиынынан хабарсыз қалатыны жиі кездеседі. Екіншіден, іріктеп шақырылған жиында көбіне есеп беруші ауыл, аудан әкімінің уәдесі үйіп-төгілгенімен, оның орындалуын тізбелеп тексеріп, бақылап отыратын комиссияның жоқтығы.

Алайда, мұндай самарқаулық санаулы ауыл, аудандарда кездескенімен, облыс орталығы Шымкент қаласының тұрғындарына қатысы шамалы. Шымкенттіктер дәйім белсенділігімен көзге көрініп тұрады. Содан да болар, Шымкент қаласындағы төрт аудан әкімінің ел алдындағы есебінің қысқаша мазмұны shymkent.gov.kz сайтында жарияланып та үлгерді. Яғни, Абай ауданының әкімі А.Татыбаевтың, Әл-Фараби ауданының әкімі Б.Қалжановтың, Еңбекші ауданының әкімі Ғ.Ильясовтың, Қаратау ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұловтың 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі көпшіліктің назарына ұсынылды.

Сол есептермен тиянақты танысып, көкейіңізде жүрген сауалыңыз болса, сайтымызға жолдауыңызға әбден-ақ болады. Жалпы, Сіз әкіміңіздің жұмысыныа көңіліңіз тола ма? Осы сұраққа да жауап жолдау құқыңыз бар.

Айта кетейік, қаладағы төрт аудан әкімдерінің есебі қаңтардың 16-сы күні басталады. Есеп беру жиыны қай күні, қай жерде, сағат нешеде өтетінін сайтымызда жариялайтын боламыз. Сайттан көз жазып қалмаңыз.

 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper