"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТА ТҮСЕДI

Бейсенбі, 23 Қараша 2017 10:49
МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТА ТҮСЕДI

 

Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесiнiң төрағасы және бас атқарушы директоры Джон Уотсонмен кездестi. Кездесу барысында тараптар Қазақстанның «Шеврон» компаниясымен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығын одан әрi нығайту мәселелерiн талқылады.

 

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласына қатысты жобаларды бiрлесе iске асырудың тиiмдiлiгiн айтып, Джон Уотсонға осы жұмыстарды атқаруға қосқан үлесi үшiн ризашылық бiлдiрдi.

– Қазақстан «Шеврон» компаниясымен ерекше қарым-қатынас орнатты. Бiз ширек ғасырдан астам уақыттан берi бiрге жұмыс iстеп келемiз. Мен бiрлесе атқарған жұмыстарыңыз үшiн Сiзге алғыс айтқым келедi. Бiз сiздермен өзара тиiмдi ынтымақтастық орната бiлдiк, – дедi Қазақстан Президентi.

Джон Уотсон Қазақстан мен «Шеврон» компаниясының ынтымақтастық мәселелерiн талқылап, оны әрi қарай дамытуға қатысты пiкiр алмасуға мүмкiндiк туғызғаны үшiн Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Кездесуде Джон Уотсон Мемлекет басшысына 2018 жылдың ақпан айынан бастап компанияның бас атқарушы директоры қызметiн атқаратын Майкл Вирттi таныстырды.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper