"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЕЛБАСЫ ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРI ЖАЙЛЫ: АЙМАҚ ҚАУIПСIЗДIГIН БIРЛЕСЕ САҚТАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Сейсенбі, 21 Қараша 2017 10:46
ЕЛБАСЫ ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРI ЖАЙЛЫ: АЙМАҚ ҚАУIПСIЗДIГIН БIРЛЕСЕ САҚТАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

 

ҚазАқпарат. «Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдерiнiң интеграциясы турасында өзiнiң ойымен бөлiстi» деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тiлшiсi.

 

Президент Астана клубы қатысушысының сауалына жауап бере келе, Орталық Азия одағын құру туралы бастаманы еске алды. Ол кезде экономика позицияларының әртүрлi болуы одақты құруға мүмкiндiк бермеген.

«Менiң ойымша, арада ширек ғасыр өткеннен кейiн бiзге, яғни тарихы мен дiнi, мәдениетi мен менталитетi бiр мемлекеттерге бiрге болуды, аймақтың қауiпсiздiгiн бiрге сақтауды Құдайдың өзi бұйырған секiлдi» дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Өзбекстанмен қарым-қатынастың дамуын да тiлге тиек еттi. «Мен Өзбекстанның экономикасында түбегейлi өзгерiстер болып жатқанын байқап отырмын. Бар-жоғы бiр жылдың iшiнде бiздiң елдердiң шекаралары ашылып, сауда-саттық 30 пайызға артты. Бiрлескен кәсiпорындар ашылып, адамдар бiр-бiрiмен араласа бастады. Мәдени байланыс орнады. Мен бұл бағыттағы жұмысқа қуана отырып қолдау бiлдiремiн» дедi Елбасы.

Президент атап өткендей, Орталық Азия елдерi бiреуге қарсы тұру үшiн емес, халықтардың гүлдене түсуi үшiн бiрiгуi керек. «Мен осылай болар деп үмiттенемiн. Бiздi Құдайдың өзi көршi қылған» дедi ол.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper