"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«ҚАЗЫҒҰРТТА ӨНДIРIСТI ӨРКЕНДЕТУ КЕРЕК»

Сейсенбі, 21 Қараша 2017 10:38
«ҚАЗЫҒҰРТТА ӨНДIРIСТI ӨРКЕНДЕТУ КЕРЕК»

 

Ғабит САПАРБЕКОВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Қазығұрт ауданындағы индустриялық аймақта «Отырарабат-Құрылыс» кәсiпорнының ашылу салтанаты өттi. Оған облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев қатысып, газды бетон блогы өндiрiсiмен айналысатын ұжымның жұмысына сәттiлiк тiледi.

 

– Қазығұрт ауданы Шымкент қаласына iргелес орналасқан. Сондықтан мұнда өндiрiстi өркендету керек. Кәсiпорындар көптеп ашылса, салық та мол түсiп, ел бюджетi молаяды. Мұндай бастамаларды қолдауға әрқашан дайынбыз. Жас кәсiпорынның жұмысы алға баса берсiн, – дедi өңiр басшысы.

Құны 120 млн. теңге болатын жоба құрылысы биыл қыркүйек айында аяқталған. 12 адам жұмыс iстейтiн кәсiпорын жылына 12000 текше метр газды бетон блогын шығаруға қабiлеттi. Жұмысшылардың орташа жалақысы – 70 мың теңге. Аудан әкiмi Төлеген Телғараев өңiр басшысына Қазығұрттағы индустриялық аймақта ашылған және алдағы уақытта iске қосылатын жобалар жөнiнде айтып бердi.

Облыс әкiмi осы iссапарында жеке кәсiпкер Гүлзия Бейсебаеваның кондитерлiк цехының жұмысымен танысты. Бұл жобаның құны 80 млн. теңгенi құрайды. Оны жүзеге асыру үшiн кәсiпкер «ONтүстiк өнiмдерi» аймақтық қаржыландыру бағдарламасы және «Бизнестiң жол картасы – 2020» бағдарламасының «Банк несиелерiн кепiлдендiру» шарты бойынша қаржылай қолдауға ие болған. Түркиядан кондитерлiк өнiм өндiретiн құрал-жабдық әкелген Гүлзия Бейсебаева елiмiзде кәсiпкерлiкпен айналысуға жағдай жасалғанын айтты.

– Кәсiпкерлерге арналған жиындардың бiрiнде Германиядан келген әрiптесiмiз «Қазақстанда өз кәсiбiңдi ашуға 100 емес, 200 пайыз мүмкiндiк бар ғой. Нарық бар, салық жеңiл» дедi. Талмай еңбектенiп, iстiң көзiн таба бiлсек, жұмыс алға басады, – дейдi кәсiпкер. Облыс басшысы «осындай мысалдарды елге жиi айтыңыз. Сiзден үлгi алсын. Өкiнiшке қарай, бiзде ерiншектiк бар. Тұрғындар мемлекеттiң кәсiпкерлiкке бағытталған қолдауларынан толық хабардар емес» деп цехтың жұмысын оң бағалады.

Аталған цех аумағынан кiшiгiрiм дәмхана ашылған. 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жұртшылыққа кондитерлiк өнiмдердiң көптеген түрлерi ұсынылып жатыр. Дәмi тiл үйiретiн тәттiлерге сұраныс жоғары.

Қос кәсiпорынның жұмысымен танысқан Жансейiт Түймебаев осы iссапарында хаттамадан тыс «Болашақ» шағынауданындағы көпқабатты үйлерге келiп, бiрқатар кемшiлiктердi анықтады. Тұрғын үй маңындағы коммуналдық мәселелердi көзбен көрген өңiр басшысы аудан әкiмдiгiне тұрғын үйлердiң аулалары мен балалардың ойын алаңшаларын реттеу және абаттандыру, орындықтар орнатып, модульдi әжетханалар салу жөнiнде тапсырма бердi.

Қазығұрт ауданының Қызылқия ауыл округiнде судан электр тогы өндiрiлiп жатқанынан оқырман хабардар. Облыс әкiмi жұмыс сапарында «Salem Consulting» ЖШС-нiң «Гидроэлектростанция» өндiрiсiн арнайы көрiп, жай-күйiмен танысты. Құны 400 млн. теңгеге жеткен жобаның стратегиялық маңызы зор. Бұл стансада жылына 63,2 млн. кВт электр қуаты өндiрiледi. 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. «Оңтүстiк жарық» мекемесiмен келiсiм жасалып, қазiрдiң өзiнде Қызылсеңгiр елдi мекенiне электр қуатын тасымалдау жұмыстары қолға алынған.

Салмағы 90-95 келi тартатын қошқарларды Шарбұлақ ауыл округiнен таба аласыз. Осындағы «Сапа – 2002» ЖШС-де қазақтың асыл тұқымды қылшық жүндi құйрықты қойы мен меринос қойы өсiрiледi. Жылқы мен iрi қара да бар. Жалпы, мал басы 9 мыңнан асқан. Бұл – үлкен еңбектiң жемiсi. Малдың жемшөбi де осында әзiрленедi. Себебi, «Сапа–2002» ЖШС мал шаруашылығымен қатар элиталы бидай, мақсары және жоңышқа тұқымын өндiрумен айналысады. Өсiмдiк майын шығаратын цех ашылған. Мұнда 120 адам жұмыс iстейдi.

«Сапа – 2002» ЖШС-нiң басшысы Нұржан Әшiров «құны 275 млн. теңге болатын мал бордақылау кешенiнiң құрылысы жүргiзiлiп жатыр. Қазiр оның 170 миллионы игерiлiп, 6,5 мың қой сиятын бөлiгi дайын болды. Бүгiнде мұнда 4,5 мың қой бордақыланып жатыр. Жоба толық аяқталса, бұл кешенде бiр мезгiлде 10 мың қойды бордақылауға мүмкiндiк бар. Марқаның етiне ирандықтар мен арабтар қызығушылық танытса, семiз қойларға Өзбекстанда сұраныс бар» дей келе мемлекеттiк қолдаулар нәтижесiнде жаңа техникалар алынғанын да атап өттi.

Облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев өңдеу өнеркәсiбiне көңiл бөлу керектiгiн айтты.

– Малды тiрiдей сатудан бөлек, оның етiн терең өңдеп сату мәселесiн де қолға алыңыздар. Түрлi тағамдарға арнайы дайындап, еттi шетелге экспорттауға болады. Бұл қай жағынан алып қарасақ та тиiмдi, – деген өңiр басшысы аудан әкiмiне кәсiпкерлiктi дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper