"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЕЛБАСЫ «ROYAL DUTCH SHELL» КОНЦЕРНIНIҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТI

Сенбі, 18 Қараша 2017 10:53
ЕЛБАСЫ «ROYAL DUTCH SHELL» КОНЦЕРНIНIҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТI

 

«Қазақстан Президентi «Royal Dutch Shell» концернiнiң бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездестi» деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметi. Кездесу барысында тараптар елiмiздiң мұнай-газ секторындағы қазiргi ахуал мен ынтымақтастық перспективаларын, соның iшiнде Қарашығанақ пен Қашаған жобаларын одан әрi дамыту мәселелерiн талқылады.

 

Мемлекет басшысы «Royal Dutch Shell» концернi халықаралық ЭКСПО–2017 мамандандырылған көрмесiн ұйымдастыруға белсендi атсалысқанын айтып, компания басшылығына ризашылық бiлдiрдi.

Бен ван Берден Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесуге мүмкiндiк туғызғаны үшiн алғыс айтып, Қазақстан жұртшылығын халықаралық көрменiң табысты өтуiмен құттықтады. «Сiздi ЭКСПО көрмесiнiң табысты өтуiмен құттықтаймын. Мен көрмедегi ең тартымды павильон – «Нұр Әлем» сферасында болдым. Одан алған әсерiм де керемет» дедi концерннiң бас атқарушы директоры. Бен ван Берден биылғы 18 қарашада аталған кен орындарына қатысты өнiм өндiру туралы келiсiмге қол қойылғанына 20 жыл толатынын айтып, оларды iске асыруда Қазақстан Президентiнiң ерекше рөл атқарғанын атап өттi.

«Бұл жобалар өте жақсы және тиiмдi болып шықты. Барлық шығындар дер кезiнде өтелдi, ендi табыс табу үшiн жұмыс атқарылуда» дедi Мемлекет басшысы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper