"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«ҰЛТЫН СҮЙГЕН ДАРА ТҰЛҒА!»

Сенбі, 18 Қараша 2017 10:49
«ҰЛТЫН СҮЙГЕН ДАРА ТҰЛҒА!»

 

Үмiтхан АЛТАЕВА, «Оңтүстiк Қазақстан».

Облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев жазушы-драматург Дулат Исабековтың 75 жылдық мерейтойына арналған "Ұлтын сүйген дара тұлға" атты шығармашылық кешiне келген қонақтармен кездестi. Олардың қатарында мерейтой иесi ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi, жазушы-драматург Дулат Исабеков, жазушы Бексұлтан Нұржекеев, ақын Қазыбек Иса бар.

 

Өңiр басшысы мерейтой иесiнiң ұлттық әдебиетiмiздiң әлемдiк деңгейде танылуына ерекше үлес қосып келе жатқанын баяндай келе:

– Ұлыбритания астанасы Лондонда мерейтойыңыздың аталып өтуi Сiз үшiн ғана емес, қазақ елi үшiн үлкен мәртебе. Лордтар палатасында «Аққу-Жiбек», «Жаужүрек» және «Актриса» спектакльдерiңiздiң сахналануы, туындыларыңыздың әлем халықтарының тiлдерiне аударылуы қазақ әдебиетi мен мәдениетiне қосқан үлесiңiздiң зор екенiн бiлдiредi, – дедi облыс әкiмi.

Жансейiт Қансейiтұлы алдағы уақытта облыста «Дулат Исабеков оқулары» ұйымдастырылып, қаламгер шығармашылығының жан-жақты насихатталатынын мәлiмдедi. Сондай-ақ жазушыны 5 желтоқсанда «Түркiстан – түркi әлемiнiң мәдени астанасы» жылына орай өтетiн салтанатқа шақырып, мерейтойды түркi дүниесi деңгейiнде атап өткелi отырғанын жеткiздi.

Кездесуде сөз алған жазушы Бексұлтан Нұржекеев Дулат Исабековтiң қазақ әдебиетiн дамытуға қосқан үлесiне тоқтала келе қазақ әдебиетiнде «Исабеков әлемi» деген терминнiң пайда болғанын баяндады. Ал, ақын Қазыбек Иса халық жазушысының өмiр ғұмырдариясынан кеңiнен сөз қозғады. Кездесудi қорытқан облыс әкiмi мерейтой иесi мен қонақтарға сый-сияпат жасап, бағалы сыйлықтар табыс еттi.

Бұдан соң Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында Дулат Исабековтың 75 жасқа толуына арналған "Ұлтын сүйген дара тұлға" атты шығармашылық кешi өттi. Сонымен қатар, театр сахнасында республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры артистерi жазушының «Мұрагерлер» атты қойылымын сахналады.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper