"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ҮЗДIК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Сенбі, 18 Қараша 2017 10:48
ҮЗДIК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

 

17 қараша – Халықаралық студенттер күнi мерекесiне орай «Оңтүстiк Қазақстан облысы жастарының балы» iс-шарасы өттi. Онда облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев үздiк жастар премиясы бойынша 15 номинация иегерiн марапаттады. Шараға сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары мен жастар ұйымдарының басшылары, ерiктi жастар қатысты.

 

– Облыстағы талантты жастар iрiктелiп, үздiк жастар премиясы бойынша марапатталып отыр. Әр саладағы жастарды жiгерлендiретiн, олардың өмiрiне күш беретiн мұндай шара жыл сайын өтедi. Облысымыздың мәдениетiне, экономикасына, одан да өзге салаларға қосқан үлестерiңiз үшiн алғысымды бiлдiремiн. Өңiрiмiзде 800 мыңдай жас бар. Бұл – үлкен күш. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, сiздер бақытты ұрпақсыздар. Себебi, тәуелсiздiктiң ақ таңында дүниеге келiп, егемен елде ғұмыр кешiп жатырсыздар. Жастардың алдына мемлекет бiр ғана мiндет қояды. Ол – елiмiздi одан ары дамыту мiндетi. Бүгiнгi 15 номинация 15 саладағы төккен тердiң жемiсi, – дедi облыс әкiмi құттықтау сөзiнде.

Мерекелiк кеште жас қыз-жiгiттерден құралған 22 жұп «Вена» вальсiн биледi. Мәдениет, спорт, экономика, әдебиет, ғылым, журналистика салалары бойынша үздiк деп танылған 20 жас өңiр басшысының қолынан арнайы Алғыс хат пен қаржылай сыйлық алды. Олардың арасында әрiптесiмiз, «Оңтүстiк Қазақстан» газетiнiң тiлшiсi Ерболат Айнабеков «Үздiк жас журналист» номинациясына ие болды.

«Оңтүстiк»-ақпарат.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper