"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


КӘРIЗ СУЫНАН БИОГАЗ БЕН ЖАРЫҚ ӨНДIРЕДI

Сенбі, 18 Қараша 2017 10:48
КӘРIЗ СУЫНАН БИОГАЗ БЕН ЖАРЫҚ ӨНДIРЕДI

 

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Облыс әкiмi Жансейiт Түймебаевтың қатысуымен Шымкент қаласында «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-нiң кәрiз жүйесiндегi қалдық сулардан биогаз және электр қуатын өндiретiн қондырғысы iске қосылды.

 

Салтанатты шарада сөз алған өңiр басшысы кәрiз суларының мәселесi әрдайым iрi мегаполистердiң күн тәртiбiнен түспегенiн, сондықтан бұл жобаның жүзеге асырылуы Шымкент қаласының тарихында айтулы күн боп қалатынын жеткiздi. Сондай-ақ, «жасыл экономикаға» көшу жөнiндегi Елбасы тапсырмасының орындалғанын айғақтайтынын атап өттi.

Өз кезегiнде компания басшысы Анарбек Орман өңiрдiң экологиялық мәселелерiн шешуге ерекше көңiл бөлiп жүрген облыс әкiмiне өз атынан ризашылығын бiлдiрдi.

Айта кету керек, мұндай қондырғының Қазақстанда және Орта Азия елдерiнде ешбiр баламасы жоқ. Осы жобаны iске асыру үшiн 2,3 млрд. теңге инвестиция жұмсалған. Кәрiз суларын тазалау арқылы биогаз, ал, одан сағатына 400 кВт электр энергиясы өндiрiлуде. Бұл энергия компанияның электр қуатына деген сұранысының 50 пайызын қанағаттандыруға жетедi. Сонымен бiрге, қалдық сулардан ауаға тарайтын улы газдарды 3,4 мың тоннаға азайтуға мүмкiндiк туды. Тазартылған кәрiз суларынан алынған құм құрылысқа, ал, қатты қалдықтары ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретiнде жұмсалады. Технология Польша және Венгрия елдерiнiң тәжiрибесiне негiзделген.

Сондай-ақ, алдағы уақытта жобаның екiншi кезеңiн жүзеге асыру жоспарда тұр. Бұған сәйкес, сағатына 300-400 кВт электр энергиясы өндiрiледi. Тазаланған кәрiз суы арнайы қоймаларда сақталатын болады. Ол кейiн егiстiктi суаруға пайдаланылмақ. Қоймалардағы судан сағатына 200 кВт электр қуатын өндiретiн гидростанса да салыну үстiнде. Жобаның екiншi кезеңi iске қосылса, компания электр қуатына деген қажеттiлiктiң 80 пайызын өзi өндiруге мүмкiндiк алады. Сонымен қатар, екiншi кезең аясында 50 мың текше метр кәрiз суын тазалайтын қондырғы орнатылып жатыр.

А.Орманның айтуынша, компанияның қолға алып отырған бұл жоба өзiн-өзi 15 жылда толық ақтайды.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper