"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЕЛБАСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ТҮРКIМЕНСТАНДА БОЛДЫ

Сейсенбі, 19 Қыркүйек 2017 10:10
ЕЛБАСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ТҮРКIМЕНСТАНДА БОЛДЫ

 

Одан соң Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев жауынгерлiк өнер түрлерi бойынша жабық ғимаратта өтетiн V Азия ойындарының ашылу рәсiмiне қатысып, Қазақстанның ұлттық құрамасымен және спорт делегациясымен кездестi.

 

Түркiменстан Президентi жауынгерлiк өнер түрлерi бойынша жабық ғимаратта өтетiн V Азия ойындарының ашылу рәсiмiне қатысуға шақыруын қабыл алып, қонақжай түркiмен жерiне келгенi үшiн Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс бiлдiрдi.

Сондай-ақ, Түркiменстан көшбасшысы Астанадағы халықаралық ЭКСПО–2017 мамандандырылған көрмесiнiң жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны өзiне ұмытылмас әсер қалдырғанын ерекше атап өттi.

Қазақстан Президентi жауынгерлiк өнер түрлерi бойынша жабық ғимаратта өтетiн V Азия ойындарының ашылу рәсiмiне қатысуға шақырғаны үшiн Гурбангулы Бердiмұхамедовке ризашылық бiлдiрiп, осындай iс-шараларды өткiзудiң маңызды екенiн айтты.

– Мен Сiздi осы Азия ойындарының өтуiмен құттықтаймын. Көптеген спорт нысандары салынды, алдағы уақытта олар халықтың игiлiгiне қызмет ететiн болады. Мұндай iс-шаралар арқылы Түркiменстанның әлемге танымалдығы арта түседi. Биыл Қазақстан да ауқымды спорт сайысын – 28-шi Дүниежүзiлiк қысқы универсиаданы өткiздi. Жалпы, бiздiң өңiрде iрi халықаралық iс-шараларды өткiзу өте маңызды, – дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы көршiлес Түркiменстанмен бауырлас қарым-қатынастарымызды атап өтiп, екiжақты ынтымақтастықты одан әрi дамыту қажеттiгiне тоқталды.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper