"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ОҚО ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2017 14:23
ОҚО ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Т.Сәрсембаев 1968 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – экономист, заңгер, гуманитарлық білім магистрі. Еңбек жолын 1991 жылы Алматы зооветеринарлық институты «Ақсай» оқу-тәжірибе шаруашылығының бухгалтері ретінде бастаған. 1992-2017 жылдары Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қаржы бақылау комитеті басқармасының қаржы-несиелік органдары мен валюталық бақылауды тексеру бөлімі басшысының орынбасары, валюталық бақылау бөлімінің басшысы; Алматы қаласы Түркісіб ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары; ҚР ҚМ СК Алматы қаласы Бостандық ауданы Салық комитеті төрағасының орынбасары; Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы; Түркісіб ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы; Жамбыл, Шығыс-Қазақстан облыстары бойынша Салық департаменттерінің басшысы; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекттік кіріс департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған. 2017 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім министрлігі «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директорының орынбасары болып қызмет етті.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper