"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ҚАЗАҚСТАНДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ: бiз онымен жан-жақты айналысуымыз керек

Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2017 10:38
ҚАЗАҚСТАНДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ: бiз онымен жан-жақты айналысуымыз керек

 

ҚазАқпарат. Қазақстанның заңнамасы кәсiпкерлiк бастамаларды ынталандырып, ғылыми зерттеулердi, әзiрлемелер мен жаңа технологияларды енгiзудi қолдауы қажет. Бұл туралы цифрландыру мәселесiне арналған республикалық кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

 

Елбасының айтуынша, қаржы секторы алдыңғы қатарлы технологияларға барынша сезiмтал келедi және қазiрдiң өзiнде бұл салада цифрлық шешiмдер қолданылуда.

«Мұнан ары да ол аталған процестiң авангардында қалмауы тиiс. «Астана» ХҚО алдында жаңа қаржылық технологиялар мен құралдарды iлгерiлету бойынша мiндет тұр. Бұл орталық ЭКСПО–2017 базасында, осы жерде құрылады. Сiздерден осы жұмысқа көмек көрсетулерiңiздi өтiнемiн» дедi Қазақстан Президентi.

Мемлекет басшысы IТ саласындағы ойыншыларға кедергiлердi алып тастау және олардың қызметтерiн реттеудi жеңiлдету қажеттi жайында да айтты.

«Кедергiлердi алып тастап, тиiстi реттеу жұмыстары жүргiзiлуi тиiс. Алайда, бiздiң жағдайда кез келген жаңа мәселенi өз арнасына түсiру үшiн реттеу iс-шаралары қажет болады. Бөгет жасамай көмек көрсету керек. Қазақстанның заңнамасы кәсiпкерлiк бастамаларды ынталандырып, ғылыми зерттеулердi, әзiрлемелер мен жаңа технологияларды енгiзудi қолдауы керек. Егер қажет болғанда заңнамамызға сәйкесiнше өзгертулер енгiзген жөн» дедi Президент.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев киберқауiпсiздiк мәселесiн де ойластыру, ақпараттық жүйенi лайықты деңгейде қорғау қажеттiгiн атап өттi.

«Бiз мұнымен жан-жақты айналысумыз керек» дедi Елбасы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper