"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ЭКСПО–2017 КӨРМЕСI ТАБЫСТЫ ӨТТI

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:25
ЭКСПО–2017 КӨРМЕСI ТАБЫСТЫ ӨТТI

 

Елбасы жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзiнде Астана мен елiмiздiң барлық өңiрлерi күш жұмылдырғанының арқасында ЭКСПО-2017 көрмесi табысты өткенiн айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев көрменiң Қазақстан экономикасын дамытуға мультипликативтiк тұрғыдан оң әсер еткенiн ерекше атап өттi.

 

– Шағын және орта бизнестегi 1400-ден астам кәсiпорын құны 640 миллиард теңге болатын тауарларды жеткiзуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристiк сектор жандана түстi. Туроператорлардың қызметiне деген сұраныс 1,8 есе артты. Астанада кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 10 пайыздан аса көбейдi. Елорда бюджетiне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өстi. Қазақстанның астанасы бүкiл әлемнiң назарын өзiне аударды, – дедi Елбасы.

Мемлекет басшысы көрме аясында өткен мәдени және халықаралық шараларға тоқталды.

– Күн сайын елордамыз төрткүл дүниенiң түкпiр-түкпiрiнен жеткен түрлi мәдениеттiң әуенi мен нақышына бөленiп тұрды. Бүгiнгi салтанатты рәсiм Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөнiндегi саммитiмен тұспа-тұс келiп отыр. Онда ислам әлемiндегi ғылыми-техникалық дамудың маңызды мәселелерi талқылануда. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыңнан астам түрлi iс-шара өткiзiлдi, – дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентi елiмiздiң Еуразия өңiрiндегi қауiпсiз әрi қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретiндегi оң имиджiн нығайта түскенiн атап өттi.

Мемлекет басшысы «Болашақтың энергиясы» аясында озық идеялар мен технологиялардың дамуына түрткi болған және әлемде ғылымның өзара ықпалдастығын нығайтуға септiгiн тигiзген көрменiң бiрқатар жағымды аспектiлерiне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО инфрақұрылымын көрмеден кейiн пайдалану жоспары жөнiнде ой бөлiстi.

– «Нұр Әлем» және көрме тақырыбы көрiнiс тапқан басқа да бiрқатар павильондар «ЭКСПО мұрасы» ретiнде сақталады. Көрменiң аяқталуы бiрнеше ауқымды жаңа жобаларды бастауға мүмкiндiк бередi. Ең алдымен, мұнда «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасады. Ол қаржы хабына, инвестиция тартатын орталыққа айналып, халықаралық қаржы жүйесiнде лайықты орынға ие болуға тиiс, – дедi Қазақстан Президентi.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «жасыл» технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөнiндегi халықаралық орталықты және IТ-стартаптар халықаралық технопаркiн құруға арналған жобаларға тоқталды.

– ЭКСПО көрме кешенi толығымен инновациялық және орнықты дамудың мақсаттарына одан әрi қызмет ететiн болады. Баршаңызды жаңа орталықтардың жұмысына белсендi атсалысуға шақырамын, – дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президентi көрменi өткiзуге үлес қосқандардың бәрiне алғыс айтып, келген қонақтарға ерекше ризашылығын бiлдiрдi.

– Осымен халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесiн жабық деп жариялаймын! Оның идеясының толығымен жүзеге асуына қолдау көрсеткен Қазақстан халқына ризашылығымды бiлдiремiн. Көрменiң сәттi өтуiне мыңдаған адам атсалысып, еңбек еттi. Баршаңызға Қазақ жерiндегi айтулы шараға белсене қатысқандарыңыз үшiн алғыс айтамын, – дедi Мемлекет басшысы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper