"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


МӘЖІЛІС: ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ БІРЫҢҒАЙ СТАНДАРТЫН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Дүйсенбі, 11 Қыркүйек 2017 09:52
МӘЖІЛІС: ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ БІРЫҢҒАЙ СТАНДАРТЫН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

11 қыркүйек күні Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өтеді,- деп жазады Мәжілістің баспасөз қызметі.

 «Парламенттік тыңдауға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев, Сенат және Мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады деп күтілуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс тобының ұсыныстарын талқылау қарастырылады», - делінген хабарламада. Талқылауға сондай-ақ, әліпби жобасын әзірлеуші А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының және Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылым және мәдениет қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар, оның ішінде шетелдіктер, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Парламенттің тыңдау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданбақ. inform.kz

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper