"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 332.21 0.00   EUR: 391.74 0.00   RUB: 5.57 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726

МҰЗДАҚ КӨЛДЕРДЕН ҚАУIП ЖОҚ

Сенбі, 09 Қыркүйек 2017 13:58
МҰЗДАҚ КӨЛДЕРДЕН ҚАУIП ЖОҚ

Оңтүстiк Қазақстан облысындағы биiк таулы аймақтарда 40 мұздақ көл анықталып отыр. Ал, олардың еруiнен құралатын Өгем өзенi үш аудандағы 700 мың тұрғынды ауызсумен қамтамасыз етуге қауқарлы. Осы ретте Өгем трансшекаралық өзенге жататындықтан Өзбекстанмен алдын ала келiссөздер жүргiзiлiп, суды бiрiгiп пайдалануға қол жеткiзiлген болатын. Ендiгi мәселе – ауызсу тартуға бағытталған жобаны iске асыруды ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарлау керек. Бұл туралы 3340 – 3500 метр биiктiктегi Өгем жотасының Ақсу тауындағы өзен сулары мен мұздақ көлдердiң жағдайын тiкұшақпен шолып шыққан облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев мәлiм еттi.

Ең алдымен облыс әкiмi мiнген тiкұшақ Бадам өзенiн бойлай ұшып, Төлеби, Түлкiбас аудандарындағы таулы алқаптарды барлап шықты. Сөйтiп, таулы алқаптардағы мұздақ көлдер үстiмен әуеден шолу жасады. Таудың төбесiндегi көлде облыс әкiмiнiң төрағалығымен мәжiлiс өттi. Онда өңiрiмiздегi тасқын судың алдын алу, қосымша шағын қоймалардың құрылысын жүргiзу, Өгем өзенiнiң суын тиiмдi пайдалану мәселелерi талқыланды. Күн тәртiбiндегi өзектi мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық төтенше жағдайлар департаментiнiң басшысы Нұрболат Дербiсов өзен-көлдердегi тасқынның алдын алу шараларының барысына тоқталды. «Облыс аумағындағы өзен-көлдерде 86,95 шақырымдық қорғаныс дамбалары орнатылған. Бүгiнде олардағы қауiпсiздiк жағдайлары жiтi қадағалауда» дейдi ол.

Таулы алқаптардағы мұздақ көлдердiң бүгiнгi жай-күйi туралы ҚР IIМ ТЖК «Қазселденқорғау» ОҚО аймақтық пайдалану техникалық басқармасы филиалының директоры Ербол Әлзақ бiрқатар өзектi мәселелердi баяндады. Оның айтуынша, өткен жылғы зерттеу жұмыстарының нәтижесiнде облыстың таулы аймақтарында 40 мұздақ көлдiң бар екенi анықталған. Оның iшiнде 7-еуi көмiлген көл санатына жатады. «Оңтүстiк Қазақстан облысының аумағында Қаржантау, Өгем және Майдантал таулы жоталарына биыл бiр рет аэровизуалды және 4 рет жерүстi зерттеу жұмыстары жүргiзiлген. Жүргiзiлген зерттеулердiң қорытындысы бойынша мұздақ көлдерден төнiп тұрған қауiп жоқ екендiгi анықталып отыр» дедi Е.Әлзақ. Ағымдағы жылға облыс бюджетi тарапынан аэровизуалды жұмыстарын жүргiзуге 32 млн. теңге қарастырылса, бүгiнгi күнге оның 19 млн. теңгесi игерiлген.

Мәжiлiс барысында өңiр басшысы облыс аумағындағы тасқын судың алдын алу, өзен-көлдер мен бөгеттердiң қазiргi ахуалын бақылау, тау бөктерiндегi мұздақ көлдердi бақылау бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма бердi. Сондай-ақ, Өгем өзенiнен Сарыағаш, Мақтаарал, Қазығұрт аудандарына ауызсу тарту мақсатындағы жұмыстарды да назарда ұстауды тапсырды.

«Облысымызда жылда көктемгi мезгiлдерде тасқын судан қауiп төнедi. Осы ретте алдағы жылы 30 шағын су қоймасының құрылысын жүргiзудi жоспарладық. Сонымен қатар, Өгем өзенiнiң суын ауызсу ретiнде пайдалануды қолға алып отырмыз. Ол үшiн өзен бөктерiнен гидроэлектростансасының құрылысын жүргiзiп, су құбырларын тау үстiмен алып өту керек. Бұл ретте ғалымдар мен тиiстi сала мамандарымен тыңғылықты жұмыс iстеп, iске асырылатын жобаның құрылысын сапалы әрi тиiмдi етiп әзiрлеудi тапсырамын» дедi Ж.Түймебаев.

Еске сала кетейiк, биылғы жылдың 15 ақпанында Қазақстан мен Өзбекстан Үкiметi өкiлдерiнiң екiжақты ынтымақтастықты жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi бiрлескен жұмыс тобы бас қосқан болатын. Аталған мәжiлiсте Өгем өзенiнен секундына 3-3,5 текше метрге дейiн су алып, Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал аудандары тұрғындарына ауызсу ретiнде пайдалану мәселесi қаралып, мәселе оң шешiмiн тапты.

comments powered by HyperComments

Соңғы мақалалар

Warning: Invalid argument supplied for foreach() in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/components/com_k2/models/item.php on line 1594

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

JoomShaper