"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 335.33 0.00   EUR: 395.49 0.00   RUB: 5.7 0.00   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЖАҢА ЦЕХ АШЫЛДЫ

Сенбі, 09 Қыркүйек 2017 13:58
ЖАҢА ЦЕХ АШЫЛДЫ

 

Ерболат АЙНАБЕКОВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Кеше Шымкенттегi «Химфарм» АҚ-да қатты пероральдi дәрi шығаратын жаңа цех iске қосылды. Santo зауытының 135 жылдық мерейтойы аясында iске қосылған жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi Инвестиция комитетiнiң төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және Польша Үкiметiнiң өкiлдерi мен компания серiктестерi қатысты.

 

– Бүгiн бiз «Химфарм» АҚ-ның қатты дәрi шығаратын цехының ашылу салтанатына қатысып отырмыз. 1882 жылы құрылған бұл серiктестiк – елiмiздегi iрi фармацевтикалық кәсiпорындардың бiрi. 2011 жылдың тамыз айынан берi еуропалық «Polpharmagroup» компаниясы кәсiпорынның серiктесi болып келедi. Польфарм компаниясы фармацевтикалық өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығару мақсатында аталмыш кәсiпорынға 100 млн. АҚШ долларынан астам инвестиция салды. Бұл компания дәрi-дәрмек өндiрушiлердiң арасында жетекшi орынға ие. Отандық дәрi-дәрмек нарығының 40 пайызын, ал, елiмiздегi жалпы дәрi-дәрмектер нарығының 4 пайызын қамтып отыр, – деп атап өттi өңiр басшысы.

Польшалық компанияның қолдауымен салынған жаңа цех жылына 200 миллион таблетка дәрi шығаруға қауқарлы. Жаңа цех фармацевтикалық өнiмдерге қойылатын барлық талаптарға сай, заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда жұмыс iстейтiн мамандар бiлiктiлiгiн шетелдегi үздiк өндiрiс орындарында жетiлдiрген.

Бұл – 2011 жылдан берi ашылған үшiншi цех. Компания өз өнiмдерiнiң 90 пайызын iшкi нарыққа өткiзсе, 10 пайызын Ресей, Қырғызстан, Тәжiкстан, Моңғолия, Түркiменстан секiлдi елдерге экспорттайды. Айта кетерлiк бiр жайт, 2016 жылы Польша Республикасы мен облысымыздың арасындағы тауар айналымы 13,3 млн. АҚШ долларын құраса, жыл басынан берi тауар айналымы 8,5 млн. АҚШ долларына дейiн жеткен.

Суреттi түсiрген Қайсар ШЕРIМ.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper