"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 341.61 +0.66   EUR: 410.27 +1.54   RUB: 5.9 +0.03   


ДЕПУТАТТАР БІЛІМ МИНИСТРІНЕ ҚАТТЫ АШУЛЫ

Жұма, 08 Қыркүйек 2017 10:06
ДЕПУТАТТАР БІЛІМ МИНИСТРІНЕ ҚАТТЫ АШУЛЫ

Білім гранттарын әділ бөлмей, талапкерлерді шулатқан шенеуніктердің жауапқа тартылуын депутаттар да талап етті. Өйткені, Білім министрлігі грант иелерін әлі қабылданбаған заң бойынша анықтаған дейді мәжілісмендер. Биыл ведомство екі түрлі бұйрық шығарып, жұрттың басын қатырған болатын. Сынақтың алғашқы қорытындысы бойынша «Алтын белгі» иелеріне басымдық берілсе, кейін ҰБТ-дан жоғары балл жинағандар грантқа түсті. Енді халық қалаулылары талапкерлерді шатастырғандар шетінен жазалансын деп отыр,-деп хабарлайды ktk.kz.

Ұлттық тестілеуден жоғары ұпай жинаса да, тегін білімнен құр қалғандардың мәселесін  депутаттар қайта қозғады. Мәжілісмендер грант дауына дер кезінде араласар едік, демалыста болдық дейді. Олар әсіресе, Парламент әлі қарап, талқылап жатқан шикі заң жобасына сүйеніп, мемлекеттік грантты бөліп берген Білім министрлігіне қатты ашулы.

Әбдіманап Бектұрғанов, Мәжіліс депутаты: -Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік білім грантын тағайындау кезінде конкурстық комиссиясы қолданыстағы заңды басшылыққа алмай, енді ғана дайындалып жатқан заң жобасына сілтеме жасап, шешімін неге өзгертті? Медициналық жоғары оқу орындарына түскен «Алтын белгі» иегеріне берілген 220 грантты Денсаулық сақтау министрлігі бір күнде жарамсыз етіп тастағанын қалай түсінуге болады? Биыл расында да Білім министрлігі ҰБТ-ның қорытындысына қатысты екі бұйрық шығарып, ата-ана мен талапкерлерді әбден шатастырды. Шенеуніктер алдымен гранттарды «Алтын белгі» иелеріне берсе, кейін жоғары балл жинаса да далада қалғандарды қайта тізімге қосты.

Әбдіманап Бектұрғанов, Мәжіліс депутаты: -Бірінші тізімде грант тағайындалып, екінші тізімде грантқа ілінбеген талапкерлердің мәселесі қалай шешілді? Елімізде бір жоғары оқу орнынан алынып тасталып, басқа бір аймағының жоғары оқу орнына қайта бөлінген талапкерлердің жағдайы қалай болды? Бұл туралы нақты ақпарат жоқ. Сондай-ақ, мәжілісмендер жылда түлектердің зәре құтын қашыратын ҰБТ-ға балама емтихан енгізуді ұсынды. Өйткені, қаншама талантты, білімді жастар тесттен бас тартып, шетелдерге кетуде дейді депутаттар. Биыл 40 мың түлек білім іздеп Еуропа, Қытай, Ресей асқан.

Дания Еспаева, Мәжіліс депутаты: -Сондықтан 110-нан жоғары балл жинаған талапкерлерді өзі таңдаған емес, артық гранттары бар басқа мамандықтарға ауыстыру қажет. Және жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ-дан бөлек тағы емтихан болуы тиіс. Сонда талапкерде таңдау болады. Жастар шетел аспайды. Еспаеваның сөзінің жаны бар. Биыл ҰБТ-дан жоғары балл алса да, мемлекет есебінен тегін білім алуға ілінбегендер өте көп. Мәселен, астаналық Назерке 111 балл жинап, грантқа түсе алмапты.

Назерке Есенғалиева: - Өзгелер 60-70 балмен түсіп жатты. 111 баллмен мен түсе алмаған жаныма қатты батты. Жалғыз әкем төрт баланы асырай алмайды. Сондықтан қиын болып тұр. Үмітсіз тек шайтан дейді ғой, әлі де үміттенемін. Оқимын деген балаларға тек қана талпыныс, мүмкіндік берсе. Назерке қазір ақылы бөлімде білім алуда. Өзі қалаған дінтану факультетінің жылдық төлемі қымбат болғандықтан, мамандығын ауыстыруға да мәжбүр болған. Басынан дау арылмаған Білім министрлігіне енді талапкерлердің ұпайын қайта есептеуіне тура келетін сияқты. Өйткені, ұзақ демалыстан шыққан депутаттар бұл жанжалды түбегейлі шешпей қоймаймыз деп отыр. Егер үкімет халық қалаулыларының сөзіне құлақ асса, грант иелерінің қатары әлі артуы мүмкін.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қыркүйек 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
JoomShaper