"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:28
ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ

 

Облыс әкімдігінде «Халықтың әл-ауқаты мен жағдайын жақсарту, қауіпсіз орта қалыптастыру» тақырыбында жиын болып өтті.

 

Мәжіліске облыс әкімі Ж.Түймебаев, облыс прокуроры Н.Әбдіров және ҚР ҰҚК ОҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Қалмырзаев, құқық қорғау органдары басшылары, комиссия мүшелері мен облыстық басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының 8-9 бағытындағы тиімді мемлекеттік басқару мен жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне баса назар аударғанын айтқан облыс әкімі тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдарды дер кезінде қарап, азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейту қажеттігіне тоқталды.

Жиында сөз алған облыс прокуроры өңірде шешуді және алдын алуды қажет ететін өзекті проблемалар мен әлеуметтік шиеленіске себеп болуы мүмкін тәуекел ошақтары нақты шараларды талап ететінін атап өтті.

Өңір басшысы Сайрам ауданы мен Түркістан қаласында өткен «Жергілікті десант» іс-шарасы елді мекендердегі тұрғындар арасында оң нәтижелі іс-әрекет болғанына сенім білдіріп, осы тектес іс-шараларды Сарыағаш пен Мақтаарал аудандарында да жалғастыруды ұсынды.

Жоспарға сай жүргізілген іс-шаралар барысында тұрғындар арасында күнделікті тұрмыстық мәселелерге байланысты туындауы мүмкін проблемалық мәселелер зерделеніп, оларды шешуге барлық жағдайлар жасалатын болады.

Отырыста терроризмге қарсы күрес жұмыстарын әрі қарай жандандыру мақсатында жасалынған облыстық терроризмге қарсы комиссияның ЛОГОТИПІ бекітілді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper