"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


11 САЛАҒА «АҚЫЛДЫ ҚАЛА» ЖҮЙЕСI ЕНДIРIЛМЕК

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:27
11 САЛАҒА «АҚЫЛДЫ ҚАЛА» ЖҮЙЕСI ЕНДIРIЛМЕК

 

Оңтүстік Қазақстан облысында қала өмірін оңтайландыру мақсатында «Smart-City» – «Ақылды қала» жүйесі ендіріле бастады. Бүгінгі таңда «Ақылды қаланың» үлгілік концепциясы бекітіліп, қол жеткізу индикаторы айқындалған. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағ­дарламасының іске асыру барысы талқыланған жиында айтылды.

 

Өңір басшысы Ж.Түймебаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев аталған бағдарламаның облыста орындалу барысын баяндады.

Өңірді басқаруда бұл жүйе тиімді тәсіл болатынын айтқан облыс әкімі осы бағыттағы жұмыстарды «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Жолдауы негізінде ары қарай дамытылуы қажет екенін атап өтті.

«Жолдаудың оныншы бағытында Мемлекет басшысы «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады» деп атап көрсетті. Сондықтан да халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандырып, цифрлық жүйеге көшуді жоспарлы түрде жүзеге асыруымыз қажет» деді Ж.Түймебаев.

Сонымен, жиында мәлім болғанындай, үлгілік концепцияға сәйкес «Ақылды қаланы» дамыту бағытына 11 сала енгізілген. Олар – білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала, көлік, мемлекеттік басқару, ауыл шаруашылығы, экология, туризм, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құрылыс саласы. Бүгінгі таңда цифрлық кеңсе тарапынан әрбір сала бойынша цифрлық технологияларды енгізу жоспары әзірленді.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper