"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


СЕНАТОР ЕСЕП БЕРДІ

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:27
СЕНАТОР ЕСЕП БЕРДІ

 

Айдар ҚҰЛЖАНОВ, «Оңтүстік Қазақстан».

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында арнайы жиын өткізіп, былтыр жоғарғы палатада атқарылған істер жөнінде есеп беріп, көпшілікке жақында жарық көрген Президент Жолдауының маңызды тұстарын түсіндірді.

 

– Бұл Жолдау басталған жұмысқа дем беріп, жұмыстарды жүйелей түседі. Өндіріс пен ауыл шаруашылығына сандық технологияларды енгізу аса ауқымды жобаның бастауы. Ол өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Жолдаудағы білім беру сапасын көтеру, оны жетілдіру бағытындағы нақты шаралар көңіл аударады. Ұстаздарға құрмет лебі айқын сезіледі. Білім беру саласын экономиканың жеке тармағы ретінде қарау туралы ұсыныс көңілге қонады. Жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беру жөніндегі міндет заман талабына сай келеді, – деді сенатор.

Оның айтуынша, өткен жылы Сенатта 94 заң жобасы қабылданып, 37 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Қабылданған заңдардың басым бөлігі Елбасы Жолдауы мен экономикалық жаңғыру аясында жасалып жатқан жұмыстарды құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper