"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


БIРЛЕСIП ЖҰМЫС IСТЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:26
БIРЛЕСIП ЖҰМЫС IСТЕУГЕ ШАҚЫРДЫ

 

Баян ДАРҒОЖИНА, «Оңтүстік Қазақстан».

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Майра Айсинаның қатысуымен «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша комиссия отырысы өтті.

 

Мәжілісті комиссия жетекшісі Әділхан Исабаев ашты. Жиын барысында ОҚО әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Е.Өтебаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті директорының орынбасары Ж.Болат, сондай-ақ, осы аталған филиалдың жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы департаменті директорының орынбасары М.Есенбеков, Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы департаментінің директоры Б.Басымбек баяндама жасады.

Қазіргі таңда ОҚО бойынша 33 Халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетеді. Өткен жылдың 12 айында тұрғындарға 5 477 649 қызмет көрсетілген, оның ішінде 3 788 884-і электронды негізде. Сонымен қатар, ХҚКО бөлімдерінде мемлекеттік қызметті өздігінен алу үшін «Connection point» (өзіне-өзі қызмет ету секторы) жұмыс істеуде. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстар да тоқтатылмаған.

– Мемлекеттік корпорацияны Үкіметтің халық үшін құрғаны белгілі. Себебі, мемлекет тарапынан халыққа 746 түрлі қызмет көрсетіледі. Соның барлығын «бір терезе» қағидасы бойынша өткізу мәселесіне біртіндеп келе жатырмыз. Бүгінгі таңда осы корпорация арқылы қызметтің 85 пайызы ғана көрсетілуде, қалған қызмет түрлері жайлы ақпарат халыққа жетпей жатыр. Сол себепті бүгінде Үкіметтің жанынан ведомствоаралық комиссия жұмыс істеуде. Корпорацияға төрт мекеме қосылды. Соның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысында ілгерілеушіліктер бар. Мұнда бұрын таңертеңгі 9-дан кешкі 6-ға дейін қызмет көрсетілсе, қазіргі таңда жұмыс уақыты кешкі сағат 8-ге дейін ұзартылды, оның үстіне сенбі күні де жұмыс істейді, – деді Майра Арапқызы.

Мекемелерді аралау барысында көптеген кемшіліктер байқалғанын тілге тиек ете келіп, халық қалаулысы корпорацияға қарасты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Оларды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper