"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ҚАЗАҚ – БIРТҰТАС ХАЛЫҚ

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:25
ҚАЗАҚ – БIРТҰТАС ХАЛЫҚ

 

Ғабит САПАРБЕКОВ, «Оңтүстік Қазақстан».

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Қазығұрт ауданында болып, тұрғындармен кездесті. Жиынды аудан әкімі Төлеген Телғараев жүргізіп отырды. Сенатор өткен жылы елімізде ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өткенін, Сирия мәселесін бейбіт реттеуге Астанадағы келіссөздердің оң әсері тигенін айтты. Жаңадан қабылданған және өзгертулер енгізілген заңдарды түсіндірді.

 

– Сырт көзге депутаттар бос отырғандай көрінеді. Алайда, өткен жылы Парламентте 94 заң қабылданды. 37 заңға, 3 кодекске өзгеріс енгізілді. Экономиканы көтеру, мемлекетті басқаруды жетілдіру, кеден, салық, кәсіпкерлікті дамыту және өзге де аса маңызды салаларға қатысты заңдар әзірленді. Осыған сәйкес, енді Парламенттің ықпалы күшейеді. Үкімет басшылары мен мүшелері Парламент алдында есеп беретін болды. Тағы бір жаңалық, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2000 тұрғыны бар ауыл әкімдіктерінің өз бюджеті болады. Енді шағын елді мекендер мен ауылдардың әкімдері көптеген мәселелерді өздері шешеді, – деген Әли Бектаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазақ халқының жүрегіндегі армандарға қанат бітіргенін жеткізді.

– Әр нәрсенің үш тағаны болады. Елімізде экономиканы және саяси жүйені дамытуға бағытталған заңдар қабылданды. Енді үшінші және басты мәселе – рухани жаңғыруға бет бұрдық. Оразақ Смағұлов деген өте мықты антрополог бар. Сол кісі қазақ даласынан 40 ғасыр бұрын табылған адамдардың қаңқаларын қазіргі адамдардың сүйектерімен салыстырып, екеуі бір халыққа тиесілі және 100 пайыз ұқсас екенін анықтаған. Демек, Қазақстанның ең байырғы тұрғындары және иелері – қазақтар деген тұжырымға келеді. Сонымен қатар, Қазақстанның батысы мен шығысы, оңтүстігі мен солтүстігіндегі тұрғындардың генетикалық құрылымы да, тілі де, болмысы да бірдей екенін анықтаған. Мына үш жүзге бөліну деген әдет кейінірек шыққан. Әйтпесе қазақ – біртұтас халық. Ол бөлінбейді және болашақта да ешкім бөле алмайды. Міне, ұлттық код деген – осы. Ұлттық кодымызды, салт-дәстүрімізді, бірлігімізді, бабадан қалған отбасы институты мен әдет-ғұрыптарды сақтау арқылы ғана Мәңгілік Ел боламыз, – деді Әли Әбдікерімұлы.

Кездесуде Қазығұрт аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров ел еңсесі көтеріліп келе жатқанын айтса, өзге тұрғындар сенаторға жазбаша және ауызша сұрақтар қойып, тиісті жауабын алды.

***

ҚР Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев Созақ ауданында да болып, аймақ активімен кездесті. Кездесу барысында халық қалаулысы Парламент Сенатының атқарған жұмысына тоқталды. Өткен жылы Парламентте 94 заң қабылданып, 37 заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

Сапар барысында Шолаққорған ауылында орналасқан индустриялды аймаққа барып, қатты шланга шығаратын «Благо Лизинг» зауытында болды.

Сенатордың бұдан кейінгі іссапары Бәйдібек ауданында жалғасты.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper