"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЕЛ ЖАҒДАЙЫМЕН ЕТЕНЕ ТАНЫСТЫ

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:24
ЕЛ ЖАҒДАЙЫМЕН ЕТЕНЕ ТАНЫСТЫ

 

Базаргүл ҚАЛБЫР, «Оңтүстік Қазақстан».

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Байділда Жылқышиев Арыс қаласында болып, бірқатар нысандарды аралады. Атап айтқанда, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан «Қаражантақ» орта мектебінің құрылысымен, «Агро Фирма Жаңа Ақдала» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Мәжіліс депутаты осы игілікті істердің бәрі Елбасының сарабдал саясаты мен тұрғындардың қажырлы еңбегінің нәтижесі екеніне тоқталып, атқарылар істерге сәттілік тіледі.

***

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары С.Ахметов пен Ф.Қаратаев жұмыс сапарымен Ордабасы ауданында болды. Олар сапар барысында «Ордабасы құс» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Кәсіпорынның бас директоры М.Тағаев қазіргі таңда «Дәмді ет» маркасымен өнімнің 80-нен аса түрі шығарылып, 420 адам жұмыспен қамтылып отырғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, халық қалаулылары «Александровский сад» ЖШС-нің қарқынды бауын аралап көрді. Депутаттар сондай-ақ, Темірландағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайын тамашалады. Аудан әкімшілігіндегі мәжіліс залында тұрғындармен кездесу өткізіп, түрлі сұрақтарға жауап берді.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper