"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЖАСТАРҒА ДЕМ БЕРДІ

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:24
ЖАСТАРҒА ДЕМ БЕРДІ

 

Дилара БИМЕНОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» өңір жастары ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Уәлихан Қайназаровпен және Майра Айсинамен кездесті.

 

Айта кетейік, бүгінде облыста 748 027 жас бар болса, оның 327 025-і қалада, 421 002-сі ауылды жерде тұрады. Жастардың 72 193-і жоғары оқу орындарында оқыса, 74 176-сы кәсіптік-техникалық бағытта білім алуда. Кездесуде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын негізге ала отырып, кәсіптік-техникалық мамандықтарды меңгерудің қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының да жастарға жарқын жол сілтейтінін, тілге тиек етті.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Береке Дүйсебеков жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында аудан, қалаларда аталмыш орталық филиалдарының ашылғанын жеткізді. Мұнан бөлек, өңірімізде жастардың 62 қоғамдық бірлестігі бар. Береке Талғатұлы оқу орындарында жастар ісі жөніндегі комитеттердің де жұмыс істеп жатқаны жайлы баяндап, бұл басқосудың маңыздылығына тоқталды.

Шара барысында, жиынға қатысушылар депутаттарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қоғамымызда болып жатқан әртүрлі жағдайларға қатысты ойларын ортаға салды. Майра Арапқызы жастар тарапынан жолданған сауалдар мен ұсыныс-тілектердің алдағы уақытта қаралатынына уәде берді.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper