"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ШАЛҒАЙ АУЫЛҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ СЕЗIЛЕДI

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:23
ШАЛҒАЙ АУЫЛҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ СЕЗIЛЕДI

 

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Еліміздің шекаралас аймақтарында орна­­­ласқан ауыл-аймақтардың тыныс-тіршілігі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының назарында. Өткен жұмада Мақтаарал ауданына іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Кеңес Әбсаттаров пен Берік Дүйсембиев алдымен Мырзашөлдің төсінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарға ат басын бұрды. Мәжіліс депутаттары алдымен индустриалды аймақтағы кәсіпкер Мұхтар Төрегелдиевтің меншігіндегі мақта өңдеу зауытында болып, кәсіпорынның жұмысын көрді. 2015 жылы жұмысын жолға қойған бұл мақта өңдеу зауыты биыл 9 мың тонна мақта қабылдап, науқан уақытында 150 адамды жұмысқа тартты. Қазіргі таңда 60 жұмысшы осы кәсіпорында жұмыс істеп, отбасыларын асырап отырған жайы бар.

 

Бұдан кейін халық қалаулылары «Хамро» жеке шаруа қожалығында болып, ондағы заманауи үлгідегі жылыжай мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен танысты.

Депутаттар сондай-ақ Мақталы ауылдық округінде жаңадан бой көтерген заманауи үлгідегі әкімшілік ғимаратын аралап, танысты. – Аудан орталығынан шалғайда жатқан ауылдық округте осындай әкімшіліктің салынуы – ауылдағы мемлекеттік қызметшілерге деген құрмет, сенім деп түсінуіміз керек, – деді К.Әбсаттаров. Мұнда да ауыл ақсақалдары халық қалаулыларына Парламент Мәжілісі отырысында назарға алынса деген өтініш-тілектерін жеткізді.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper