"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ТАПСЫРЫС БЕРУШIЛЕРДIҢ ҚАРЖЫСЫ ҮНЕМДЕЛДI

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:15
ТАПСЫРЫС БЕРУШIЛЕРДIҢ ҚАРЖЫСЫ ҮНЕМДЕЛДI

 

Тұрғындарды тегін дәрімен қамтамасыз ету үшін жалпы препараттардың 874 атауы сатып алынды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Түрлі науқастар үшін 90 күндік қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында 13,3 млрд. теңге болатын 328 дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар бір көзден алынып, еліміздің медициналық мекемелеріне жеткізілмек.

Құжаттардың толық пакетін ұсынып, қажетті препараттарға ең төменгі баға қойған 24 компания 2018 жылдың қаңтар айының басында Бірыңғай дистрибьютердің қоймаларына дәрілік заттарды тасымалдауды бастады. Дәрі-дәрмектің құнын төмендету жөніндегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Бірыңғай дистрибьютер тапсырыс берушілердің 1,7 млрд. теңгесін үнемдеді. Ауруханалар бұл ақшаны қосымша дәрілерге жұмсайды. Тендер арқылы сатып алынған дәрі-дәрмектер келісімшарттар аясында «СК-Фармацияның» қоймаларына жеткізілуде.

Мұнан басқа 15 түрлі дәрі-дәрмек халықаралық ұйымдар – ЮНИСЕФ пен БҰҰДБ келісімшарттары бойынша алынады. Сонымен, барлығы 889 дәрі-дәрмек атауының қоры жасалды.

«Оңтүстік»-ақпарат.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper