"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 325.2 -1.90   EUR: 397.13 -3.40   RUB: 5.74 -0.04   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛАДЫ

Сенбі, 13 Қаңтар 2018 11:13
ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛАДЫ

 

«Бала – адамның бауыр еті» деген. Ұлым Бақытжанның екі бүйрегі бірдей сырқатқа шалдыққанда мына өмірден үмітімді үзгендей күйге түскенімді несіне жасырайын. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің клиникасында гемодиализ аппаратында жұмыс істейтін нефролог маман Р.Асанов мені сабырға шақырып, бір бүйрегімді беру арқылы ұлымның өмірін ұзарта алатынымды айтқанда көңілімде үміт оты қайта жанғандай болды.

 

Содан денсаулығымды тексертіп, түрлі сараптамалардан өткізіп, мені отаға дайындады. Қажетті құжаттар мен талдау сараптамаларын жинақтаған нефролог Санжар Ходжиев бізді Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына жолдады. Трансплантология бөлімінде дәрігер Вячеслав Ли ауруханаға жатқызып, қажетті ем-домын жүргізіп, ота жасады. Көптен күткен арманым орындалды. Мен ұлыма әуелі Алла, сосын білікті де білімді дәрігерлердің арқасында екінші рет өмір сыйладым.

Өзімнің сүйіп оқитын «Оңтүстік Қазақстан» газеті арқылы аурухананың бас дәрігері М.Биғалиевке, бас уролог Ү.Бәйменовке, дәрігерлер Е.Қаратаев, С.Пернебеков, А.Донбай және В.Лиге аналық алғысымды жеткізгім келеді. Әрқашан науқастарды дертінен сауықтырып, мерейлеріңіз үстем болып, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер дегім келеді.

Гүлсім НҰРЛЫБАЕВА. Түркістан қаласы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper