"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


МЕРЕКЕЛЕРДЕН КЕЙІН ҚАЛАЙ КҮН КӨРУГЕ БОЛАДЫ?

Жұма, 12 Қаңтар 2018 15:08
МЕРЕКЕЛЕРДЕН КЕЙІН ҚАЛАЙ КҮН КӨРУГЕ БОЛАДЫ?

 

Бірқатар мерекелік іс-шаралар өткеннен кейін, сіз өзіңізді қалай сезінесіз?Мүмкін сіз болашақта ешбір қарбалас тірлігі, мерекелік дастарханы, қонаққа барыс-келісі жоқ демалыс туралы армандайтын шығарсыз? Мерекелердің адам өміріндегі үш нәрсеге: денсаулық, психологиялық және қаржылық жағдайға жағымсыз әсерін тигізетін сәттері болады. Біз мамандардан бұрынғы қалыпты жағдайға қалай келуге болатындығы туралы кеңес сұрадық.

 

Бірінші кезекте, ұзақ мерзімге жалғасқан мерекелерде бізің денсаулығымыз, әсіресе ас қорыту жүйесі зардап шегеді. Артық тамақтану, алкоголь, жоғары калориялы тағам гастрит және панкреатит сияқты ауыр диагноздарға және ауырлық алып келуі мүмкін.

- Егер Сіз мерекелік дастарханда шамадан тыс отырсаңыз немесе асыра көп тамақ ішіп қойсаңыз, Сіздің асқазаныңыз жылдам созылып кетеді, ал оны бастапқы қалыпқа келтіру үшін уақыт керек. Сонымен қатар зат алмасу үрдісін қалпына келтіру үшін де біршама уақыт қажет болады. Мен ол үшін өзіңізді ашығумен қинауға кеңес бермес едем, себебі бір шектен екінші шекке шығу ағзаны тек одан әрі әлсіретіп жібереді. Тағам мөлшерін жаймен қысқартуды бастаңыз, майлы және қуырылған тағамнан, сондай-ақ газдалған сусындардан бас тартыңыз, сұйықтықты барынша көп ішіңіз, көкөністердің кез келген түріне: қайнатылған немесе піспеген түрінде, сонымен қатар ашытқан сүт өнімдерін көбірек жеу қажет, - деп терапевт дәрігер Асель Мамлютова кеңес береді.

Сонымен қатар, дәрігерлер жаңа жылдық салтанаттар кезінде жиі бұзылатын, ұйқы және сергектіктің қалыпты режиміне оралуға кеңес береді, бұл психологиялық күйді де жылдам қалпына келтіруге көмектеседі. Айта кететін жайт, психолог Арман Кожахметовтың пікірінше, мерекелерден кейін адамдар физикалыққа қарағанда көңіл-күйдің жайсыздығынан жиірек зардап шегеді екен.

- Психологияда «демалыстан кейінгі синдром» деген түсінік бар, ол иммунитеттің төмендеуі, қысымның ауытқуы, созылмалы аурулардың қозуы, шаршағандық және жабығу сияқты белгілермен сипатталады. Мұнан басқа, жабығу жаңа жыл алдындағы аса көтеріңкі күтулердің аясында да пайда болуы мүмкін, - дейді Арман Кожахметов. – Мұндай көріністерден жылдам арылу үшін, мен өз емделушілеріме таза ауада жиі серуендеуге және денеге көбірек ауырлық түсіруге кеңес беремін. Бұл ағзаның оттегімен қанығуына септігін тигізеді, эндорфин және серотонин сияқты «бақыт гормондарының» өндірісін күшейтеді. Қар лақтырысып ойнау, төбеден сырғанау, шаңғы тебу сияқты белсенді қысқы ойындар сіздерге жабырқаудан жылдам арылуға көмектеседі.

Салтанаттардан кейінгі көңіл-күйді бұзатын тағы бір мәселе – бұл ақша жетіспеушілігі. Мереке аяқталып, онымен бірге жалақы да сарқылатын жағдайлар болады. Статистикаға жүгінетін болсақ, жаңа жыл қарсаңындағы кездерде біз әдеттегіге қарағанда анағұрлым көп қаражат жұмсайды екенбіз. Әрине бұл түсінікті жағдай: барлығына сыйлық дайындау, сәнді киім сатып алу, дастархан жаю керек. Нәтижесінде – алдыда әлі бір ай өмір сүру қажет, ал әмиян бос.

- Егер де сіз өз мерекелік бюджетіңізді дұрыс есептемесеңіз және мүлдем күнелтуге керек қаражатсыз қалсаңыз, және жан-жақтағыларыңыздың барлығы дәл осындай күйде болғандықтан, біреуден алу мүмкін болмаған жағдайда, кез келген мақсаттарға берілетін кредиттік карта немесе тұтынушылық қарыз алуға банкке жүгінсеңіз болады, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Шымкент қ. филиалының директоры Қанат Әліқұл. – Мысалы, Банк ВТБ (Қазақстан)-да 5 жылға дейінгі мерзімге 5 000 000 теңге дейінгі сомада кепілсіз қолма-қол кредит рәсімдеуге болады. Кредит картасы Сізге 2 000 000 теңге сомасына дейінгі банк ақшасын пайдалануға мүмкіндік береді, бұған қоса сіз ақшаны сізге кез келген қолайлы уақытта ала аласыз. Біздің банкттің кредит карталарының ең басты артықшылығы – 2 айға дейінгі жеңілдетілген мерзімнің болуы, бұл уақыт аралығында сіз ақшаны пайызсыз қолдана аласыз. Ең бастысы, тек сізге лайық нұсқасын таңдау қажет. Біздің банктегі кредиттеу туралы толығырақ ақпаратты 5050 нөміріне ұялы телефоннан тегін қоңырау шалу арқылы білуге болады. 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper