"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 323.2 -1.45   EUR: 395.56 -2.10   RUB: 5.72 -0.02   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


Сөздің емес, істің адамы

Жұма, 12 Қаңтар 2018 11:23
Сөздің емес, істің адамы

 

«Мақтаарал ауданы әкімдігінің коммуналдық шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жабай Шындалиев Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жуырда «2017 жылдың үздік коммуналдық шаруашылық қызметкері» номинациясына ие болды.

Республикамызда халқы көп әрі тығыз орналасқан Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді мұнтаздай таза ұстап, көркейтіп, абаттандыру ісін жоғары талап деңгейінде атқару оңай шаруа емес. 2015 жылы қараша айында аудан әкімдігінің коммуналдық шаруашылығы ЖШС директоры қызметіне тағайындалған кезде Жабай Шындалиев бұл жауапкершіліктің үлкен екенін сезінгенін айтады. Саналы ғұмырын құрылыс саласына арнаған, құрылыс шебері, прораб, бас инженер, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарып, шынығып, шыңдалған тәжірибелі, білікті маманға үлкен сенім артылды.

Жабай Лесбайұлы алғашқы күннен бастап-ақ коммуналды сала жұмысына жаңаша серпін әкелуге құлшына кірісті. Облысымыздағы ірі қалалардың бірі әрі аудан орталығы Жетісайды ең таза, көрікті, келбетті қалаға айналдыруды басты мақсат етіп қойды. Қаладағы барлық көп қабатты үйлердің алдына қатты және сұйық қалдықтар төгетін жаңа алаңшалар салып, контейнерлер орнатты. Тұрғындар енді бұрынғыдай күл-қоқыстарды, тамақ қалдықтарын бейберекет төге бермейтін болды. Ескерту тақтайшасы жасалып, онда айыппұл мөлшері айшықты етіп жазылды. Көп қабатты үйлер алдына заманауи үлгіде көпшілік әжетханасы салынды. Мұндай жұмыстар Марзакент қалашығында да қолға алынды. Алдағы кезде Асықата мен Атакентте де іске аспақ. Бүгінгі таңда аудан көлемінде экологиялық және санитарлық талаптарға сай қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын 4 полигон жұмыс істейді. Ынтымақ ауыл округінде жаңа полигон құрылысы қолға алынуда.

-Тұрғындар қалың қоныстанған көп қабатты үйлердің айналасында жүйелі тазалық сақтау үшін алаңшаларға жаңа контейнерлер сатып алдық. Коммуналдық шаруашылық жұмыстарын ұтымды әрі тиімді жүргізуді көздеп мекемеміздің таза табысы есебінен 1 КАМАЗ жүк көлігін, көшелерді щеткамен сүртіп, жуып тазалайтын Оңтүстік Кореяның, шаңды басып, су шашатын Ресейдің жаңа техникаларын және полигонда жұмыс істеу үшін «Алтай» тракторын сатып алдық. Сондай-ақ мемлекет қаржысына 3 жаңа трактор, 1 қоқыс жинайтын, 1 сарқынды сулар соратын техника алдық. Полигондардағы баклашкаларды жинап, оны арнайы мекемелерге өткізуді жолға қойдық. Себебі, әр полигонда тау болып үйіліп жатқан баклашка үңіле қарасақ біршама табыс көзі екен. Әрбір тиынды үнемдеп, ұқыптап жинауды үйрендік. Таза табысымыздан жиылған қаржыны игілікті істерге жұмсап келеміз. Мәселен, өткен жылы Қазыбек би ауыл округінде мектеп оқушылары жүретін жол бойына аяқжол төсеп, көпір, канал бойына электр жарығын орнаттық;-деді бізбен әңгімесінде Жабай Шындалиев.

Бұл серіктестік ұжымы елді мекендерді жарықтандыру ісімен де тікелей айналысады. Электр қуаты арқылы 3400 нүкте, күн сәулесімен 658 нүкте жарықтандырылған. Сондай-ақ, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылғы дейінгі бағдарламасы» аясында өткен жылы Асықата кентінде 7, Атакентте-1, Мырзакентте 9 көп қабатты үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ескіріп, жарамсызданған үй шатырлары толық ауыстырылып, подъездері, іргетасы жаңартылды. Асықата кентінде орталық базар алдындағы  көлік кептелісін ретке келтіру мақсатында үлкен жол бойы абаттандырылып, аяқ жолдар салынды. Мұндай абаттандыру жұмыстары Атакент, Мырзакент қалашықтарында да қолға алынуда.

Ж.Шындалиев Мақтаарал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы» атағын иеленген. Ел ризығы үшін лайықты бағасын алды деген осы емес пе? Ұйымдастырушылық қабілетін өндірісте жүріп ұштаған Жабай Лесбайұлын кезінде аудан басшылары коммуналдық шаруашылық жұмысына неліктен аттай қалап алғанын енді түсіндік. Ол күн-түн демей еңбек ететін ерлердің бірі. Сөздің емес, нағыз істің адамы.

 

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ,

Мақтаарал ауданы.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper