"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


Иса Омар Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы атанды

Сәрсенбі, 10 Қаңтар 2018 11:06
Иса Омар Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы атанды

Әріптесіміз, облыс, республикаға танымал қаламгер, журналист "Замана" баспа үйінің директоры, осы баспа үйі жанынан шығатын бірнеше газеттің құрылтайшысы, редакторлар кеңесінің төрағасы Иса Тасқұлұлы Омар Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы атағына ұсынылды. Бұл жайлы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында айтылды.

Иса Омар журналистикадағы еңбек жолын облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінде бастаған. 1983 жылдан 1990 жылға дейін тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы сынды түрлі қызметтерді атқарған ол тәуелсіздік жылдарымен бірге келген әкімдік жүйеде облыс әкімінің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған облыстағы алғашқы прессекретар. Оңтүстік Қазақстан облысының тұңғыш әкғімі М.Үркімбаевтың, одан кейін З.Тұрысбековтың баспасөз хатшысы болып қызмет атқарды. 

Облыстағы тәуелсіз басылымдардың жарық көруінің бастауында да Иса Омардың есімі айтылады. "Жас дәурен", "Замана" газеттерінің бас редакторы ретінде оқырманға кеңінен танымал ол 2003 -2006 жылдар аралығында облыстағы қарашаңырақ "Оңтүстік Қазақстан" газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

Соңғы кездер Иса Омар сазгер, ақын ретінде де көпшілікке танымал.

Әріптесіміздің облыстың құрметті азаматы атануымен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!

 

Ізгі ниетпен "оңтүстікқазақстандықтар"

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper