"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


Сирек суреттер сөйлейді: Ауылдың айбары – Перуза апа!

Сәрсенбі, 10 Қаңтар 2018 10:50
Сирек суреттер сөйлейді: Ауылдың айбары – Перуза апа!

          Қоссейіт ауылы (бұрынғы «Восход» кеңшары) – Шардара ауданындағы ең алғаш құрылған шаруашылық болып саналады. 1965 жылы Қызылқұм өңірін игерудің тұңғыш шаруашылығы ретінде «Восход» кеңшары бой көтерген. Күріш өндіруші кеңшардың директорлығына Анатолий Петрович Югай бекітілген. Оның ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында кеңшар күріштің әр гектарынан орташа 57 центнерден өнім алып, мемлекетке 21 мың тонна астық өткізген. Ауыл диқандары қол жеткізген жоғары көрсеткіштің арқасында «Восход» кеңшары Мәскеудегі Бүкілодақтық Халық шаруашылығы Көрмесінің бірнеше дүркін жеңімпазы болып, алтын, күміс медальдарды иеленді. Ауылда өсірілген күріш салысының бумасы Мәскеу Көрмесінің төрінен орын алды. Күрішшілердің еңбегін Кеңес Үкіметі де жоғары бағалап,  кеңшар директоры А.П.Югай бастаған 4 азамат Ленин орденімен марапатталған.

 Табыстың тай қазанын тасытқан тағы бір еңбек майталманы – Перуза Өтемісова апамыз. Жастайынан трактордың құлағында ойнаған өжет мінезді Перуза Өтемісова аудандағы ең озат күрішші болып танылған. Еңбектегі ерен ерлігі үшін оған «Даңқ» ордендерінің І,ІІ,ІІІ дәрежелері түгел берілген. Үш бірдей «Даңқ» орденін иеленген адам сол кездері Слциалистік Еңбек Ері атағын иеленгенмен бірдей саналған. Перуза Өтемісова Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесіболып сайланған. Мынау суретте 1984-1985 жылдары күріштің әр гектарынан 70-80 центнерден өнім алғаны үшін мемлекет тарапынан Перуза Өтемісоваға сол кездегі ең қымбат автокөлік – «Волга» көлігі сыйға берілген кез екен.

          Шардара ауданының Құрметті азаматы Перуза Өтемісова қазіргі таңда өзі қолмен құрған Қоссейіт ауылында ғұмыр кешеді. Жекеменшігіндегі шаруа қожалығында ұл-қыздары еңбек етеді. Жасы сексеннің бел ортасынан асып кетсе де әлі күнге бақуат апамыз Шымкент, Алматы, Астана жақтағы балаларының үйіне қонақшылап жүреді. Кемшілік көрсе бетің бар, жүзің бар демей айтып салатын Перуза апаны жерлестері ауылдың айбары санайды.

          Әділ ӘБДІРАМАНОВ,

Шардара ауданы. 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper