"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


«БӨРІ АУЛАЙТЫН ЖІГІТ БӨРІГІНЕН БЕЛГІЛІ»

Жұма, 05 Қаңтар 2018 08:44
«БӨРІ АУЛАЙТЫН ЖІГІТ БӨРІГІНЕН БЕЛГІЛІ»

Сайрам ауданында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен осындай тақырыпта «Жігіт сұлтаны -- 2017» байқауы өтті.

Ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге арналған сайыста жігіттер қошқар көтеріп, қол күрестіріп сыңға түсті. «Мықтылық майданда сыналады» деп аталған бұл кезеңде жылқыны қалай баптаудың да қыр-сыры айтылды. Ұлттық спортқа икемділіктерін танытқан жігіттер екінші кезеңде «сегіз қырлы» екендіктерін көрсетуге тырысты. Ән айтып, домбырамен күй шертіп өз өнерлерін ортаға салды. Әдеп-ғұрып және салт-дәстүріміз бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтел айтудан да жарысты. Тартысқа толы байқауда Бекжан Төлегенов «Жігіт сұлтаны» атанса, Қуаныш Қасым мен Қуаныш Тұрабаев екінші орынды иеленді. Ал, Азизбек Сұлтаниязов үшінші орыннан көрінді. Жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен бағалы сый-сияпаттар табыс етілді.

Ауданда алғаш рет өткізілген байқауды алдағы уақытта дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper