"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


Сирек суреттер сөйлейді

Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 14:52

Немесе белгілі тұлғаның балалық шағынан бір үзік сыр

Шаянға, Теріскей өңірі Созаққа  бара қалсаңыз, Оңтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі, ҚР ауылшаруашылығы министрі, Премьер министрдің бірінші орынбасары болған Асқар Мырзахметовтен бұрын оның әкесі Исабек аға жайлы естелік айтатын ағайын әлі де аз емес. Партия, ауылшаруашылығы саласындағы ерең еңбегін, адалдығы мен әділдігін ел ұмыта қоймаған.

 

 Дегенмен де, ел көбіне Исабек ағаның үйін жақсылар түсетін шаңырақ болғаны ретінде жиі ауызға алады. Қариялар бата бергенде «Би бол, би болмасаң би түсетін үй бол!» дейді. Мырзахметовтердің қарашаңырағына осындай бата дарыған дерсіз. Оған мына суреттер куә.

Бұл суреттерді кезінде «Сельская жизнь» (УК КПСС) газетінің біздің өңіріміздегі меншікті тілшісі болған, белгілі фото-тілшісі Анас Утяганов түсірген. Оның мол мұрасын қызы, белгілі журналист Фарида Шарафутдинова көзінің қарашығындай сақтап отыр.

Суреттерден байқағаныңыздай Мырзахметовтер әулеті қонақжайлығымен ерекшеленеді.

 

Суреттен Асқар Мырзахметов және оның бауырлары өнерге бала күнінен жақын болғанын байқау қиын емес.

 

Дәл осындай сырға толы сирек суреттер сіздің де үйіңізде бар болуы мүмкін. Оқырманмен бөлісіңіз. "Оңтүстік Қазақстан" газетінің эл. поштасына okgazeti@gmail.com  жолдай отырып, суреттің сырын айтыңыз. Бұрынғы кезді еске алайықшы....

 

 

Ал, қонақжай Мырзахметовтердің отбасындағы мына бір сырлы суреттерден бәлкім сіз танитын азаматтар болуы бек мүмкін. Танысаңыз, олар жайлы да мағлұмат бере отырыңыз, оқырман!

Жәмила ЖАЙЛАУБЕК.

Суреттерді түсірген Анас УТЯГАНОВ (марқұмның жеке мұрағатынан қызы Ф.Шарафутдинованың келісімімен алынды)

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper