"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК БЕРУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 14:56
ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК БЕРУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

 

Жаңа жылдағы жағымды жаңалықтардың бірі – алдағы уақытта мемлекеттік қызмет алу үшін қазақстандықтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы міндет емес. Енді ата-ана сәбиі дүниеге келгенде, оған электрондық үкімет порталы арқылы туу туралы куәлікті ала алады .Мұны әр азамат үйде интернет жүйесі болса, электронды үкіметке кіріп ала берсе болады.

 

   Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев былтыр Мәжілістегі Үкімет сағатында Мемлекеттік қызметтерді толықтай электронды форматқа көшіру жоспарланып отырғанын айтқан болатын. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету саласында бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік бермек. Сәби дүниеге келісімен ата-аналарға баланың аты-жөнін жазып жіберу туралы sms-хабарламалар келетін болады. Электрондық үкімет порталы барлық мәліметті түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен алады, жетіспегенін өтініш берушіден сұрайды. Осылайша туу туралы куәлік, жәрдемақыға арналған нөмір, балабақшаға кезекке тұруға керек мекенжай деректері дайын болады. Өтініш берушіге мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу немесе қызмет нәтижесін үйге алдыру ғана қалады.

    Баланың тууын электронды форматта тіркеу қызметі жылдың басында Астанада және Ақмола облысында ғана іске қосылған. Жақын арада еліміздің басқа өңірлерінде де қолжетімді болады. Пилоттық жоба қолданысқа енгізілген сәттен бастап 1208 әйел куәлік алу үшін баланың аты-жөнін жазып жіберу туралы sms -хабарлама алған. Осынау қызметті бірінші болып Астана тұрғыны Роза Айнабекова алды. Айым есімін иеленген сәбиінің туу туралы дайын құжатын Розаға  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов табыстады. Бұл жөнінде Астанадан Казинформбюро хабарлайды.

    Осы принципті алдағы уақытта зейнетақы беру саласында қолдану да жоспарланып отыр. 

 

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper