"Оңтүстік Қазақстан" газетінің ресми сайты

USD: 327.89 -1.52   EUR: 400.91 -3.01   RUB: 5.81 -0.03   

Warning: mysql_fetch_object(): supplied argument is not a valid MySQL result resource in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 712

Warning: mysql_free_result() expects parameter 1 to be resource, boolean given in /var/www/vhosts/v-94371.webspace/www/okg.kz/libraries/joomla/database/database/mysql.php on line 726


ҚЫМБАТ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМ ТАҒЫП ТҮСУГЕ БОЛМАЙДЫ

Бейсенбі, 04 Қаңтар 2018 13:12
ҚЫМБАТ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМ ТАҒЫП ТҮСУГЕ БОЛМАЙДЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызметкершілерге қандай фотосуреттерін жариялауға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Мемлекеттік қызметшілер өзінің әрекеттерімен және жүріс-тұрысымен қоғам сынайтындай жағдай туындатпауы керек. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілер үшін әлеуметтік медиаға өздерінің материалдарын әшкерелейтін ақпарат, сонымен бірге көңіл көтеретін және ойын ойнайтын орындардан, шетелде демалып жүрген, қымбат көліктер немесе үйлердің аясындағы, қымбат зергерлік бұйымдарды тағып түскен фото немесе видеоны таратуға болмайды», - делінген бізге берген Агенттіктің ресми жауап хатында.

Агенттіктен аталып өткендей, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге қоғамдық тәртіпке қарсы (қоғамдық орындарда мас болған, адамның арын қаралаған, қоғамдық өнегені бұзған), эротикалық немесе порнографиялық, адамгершілікке қайшы әрекеттер бейнеленген және қарумен түскен фотосуреттерді немесе видеоларды таратуға тыйым салынады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желідегі аккаунттарында былапыт сөз, нормативтен тыс лексиканы жазуға, мемлекеттік символдарға лайықты құрмет көрсетпейтін, ұлтаралық немесе діни қақтығыстарды насихаттайтын, мемлекеттің лауазымды адамдарына қатысты турасында этикадан тыс сөз жазуға, мемлекеттік саясаттың негізгі бағытына сай келмейтін жазбаларды орналастыруға болмайды. «Президентпен бекітілген 2015 жылдың 29 желтоқсанындағы № 153 Қаулы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің Этикалық кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметті атқару - қоғам және мемлекет тарапынан зор сенімге ие болу болып табылады. Сондай-ақ, мемлекетік қызмет мемлекеттік қызметшілерге моральдық-этикалық тұрғыда жоғары талап қояды», - делінген Агенттіктің жауабында.

comments powered by HyperComments

Газеттің жаңа номері

"Оңтүстік Қазақстан" газетінің PDF нұсқасы

Көшіру

Архив

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper