
Аналарға тағы бір қамқорлық
-- Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы отбасыларға арналған әлеуметтік жәрдемақының берілу талабына өзгерістер енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, бұл әлеуметтік көмек ендігі жерде көпбалалы отбасыларға олардың табыстарына қарамай үлестірілуі тиіс. Сонда ғана елімізде көпбалалы отбасылардың әл-ауқаты артып, жағдайлары жақсара түсетін болады.
Айта кетейік, көпбалалы отбасыларға
берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы көлемін отбасы балаларының санына қарай
42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін деп белгілеу ұсынылды.
Сонымен қатар, министр: «Жаңа атаулы
әлеуметтік көмек отбасылық кіріске қарамастан барлық көпбалалы, яғни 4 және
одан да көп кәмелет жасына толмаған, орта арнаулы немесе жоғары оқы орындарында
білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі. Егер бұл
отбасы табысы бойынша аз қамтылған отбасы санатына жататын болса, онда бұл
отбасыға жаңа жәрдемақыдан бөлек атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Бұған қоса,
кепілдікті әлеуметтік топтама ұсынылады. Сондықтан аз қамтылған, көпбалалы
отбасы болса, мен атап өткен көмектің барлық түрін алады», -- деді.
Бұл
жаңалықтың көпбалалы аналарды қуантары сөзсіз. Жалпы биыл көпбалалы аналарға
мемлекет тарапынан ерекше қолдаулар көрсетілді десек қателеспейміз. Мына
хабардың да көпбалалы аналарға деген көмекті еселендіре түсері анық.
Дегенмен, «ол да базар бағасын қуып жете
алмай қалмай ма?» деген ой келеді. Сондықтан, ең әуелі базар бағасын
тұрақтандыруымыз керек екенін тілге тиек еткен жөн шығар.
Мөлдір
НҰРМАХАНОВА,
көпбалалы
ана.
Пікіріңізді қалдырыңыз