
Халық пен билік біртұтас ұғым екенін көрсетті
Облыс әкімінің баяндамасынан өңірдегі экономикалық-әлеуметтік салалардың барлығында өсімнің бар екенін бағамдап отырмыз.
Түркістан облыс орталығы болғалы бері шаһардың түрленіп, түлеп жатқанына ерекше қуаныштымыз. «Апат айтып келмейді» демекші, кешегі Арыста болған оқиға баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Алайда, Арыс оқиғасы басымызға қандай іс түссе де жұдырықтай жұмылып, бір-бірімізді қиындықтардан аман алып шыға алатынымызды дәлелдеді. Кешегі қиын күндерде облыс ақсақалдары ақылын айтып, халықты сабырға шақырды. Арыстағы жағдайға байланысты Түркістан облыстық және Шымкент қалалалық ардагерлер кеңесі бірлесіп алқа мәжілісін өткізді. Онда арыстықтарға жәрдем беру жөнінде Үндеу қабылданып, 5 млн. теңгеден астам қаражат қайырымдылық қорына аударылды. Осы жұмыстардың барлығын үйлестіре білген, билік пен халықтың біртұтас ұғым екенін көрсеткен облыс әкімінің еңбегі мен іскерлігіне алғыс айтқым келеді. Жалпы, өңір басшысының жұмысына өте жақсы деген баға беремін.
Кенжехан ТӨЛЕБАЕВ, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.
Пікіріңізді қалдырыңыз