
Шынайы қамқорлық сезініп отырмыз
Мен өзім Түркістан қаласындағы №21 жалпы орта мектепте мұғалім болып істеймін. Жеті перзент өсіріп отырмын. «Алтын алқа» иегерімін. Мемлекет тарапынан біз секілді көп балалы аналарға жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. Соның ішінде ай сайынғы тағайындалған мемлекеттік жәрдемақыны тұрақты алып отырмыз. Содан кейін мектеп жасындағы балаларды оқулықпен қамтамасыз етуге көмектер көрсетіледі. Бұл да болса үлкен жәрдем. Себебі, қазір оқулықтардың бағасы арзан емес. Көп балалы отбасыдан шыққан оқушыларға мектеп формасы мәселесінде де жәрдем беріледі. Бұдан бөлек мұғалімдердің айлық жалақысы өсіп жатыр, ал, көп балалы аналардың 53 жасында зейнет демалысына шығуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, білім мен ғылым саласына бюджеттен бөлінетін қаражат ауқымы да жылдан-жылға ұлғайып келеді. Түркістан қаласының тұрғыны ретінде айтарым, облыстың жаңа орталығы дамып, көркеюде. Әсем ғимараттар көптеп салынып, небір ғажап сәулетті нысандар бой көтеріп жатыр. Соның бірі – еңселі де зәулім Жастар орталығы сарайы. Осынау маңызды істердің басы-қасында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзі жүр. Сол үшін де ол кісінің алдағы ісіне тек сәттіліктер тілеймін. Өңірде туризм саласының дамуына үлес қосу мақсатында қазақтың текті ұл-қыздарына арнап орталық аштым.
Майра ИСРАИЛОВА, көп балалы ана.
Пікіріңізді қалдырыңыз