Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Жауапты науқан келе жатыр

Сәуір 16 / 2019

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президентін сайлау жөніндегі Үндеуінде еліміздің бүгінгі күнге дейінгі қол жеткізген табыстары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей іскерлігінің арқасында жүзеге асып жатқаны айтылды. Расында да, Ұлт Көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында ішкі және сыртқы тұрақтылық сақталып, Қазақстан өз тәуелсіздігін алған жылдар ішінде қарыштап дамып келеді.

 

Ендігі жерде осы бағытымыздан айнымай, мәңгілік ел болу мұратына адал болуға тиіспіз. Президент Қ.Тоқаев атап өткендей, алдағы сайлауға барынша жауапкершілікпен қараған жөн.

«Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты. Қазақстанда өтетін кезектен тыс сайлауды әділ өткізуге кепілдік беремін» деді Қ.Тоқаев.

Бұл сайлау елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға қадам басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін де қажет. Президент атап өткендей, әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл Отанымыздың қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін. Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керектігі айқын.

Мен өз жерлестерімнің маусымның 9-ы күні өтетін Президент сайлауына біркісідей қатысып, белсенділік танытатынына сенімдімін.

Бектай ОРМАНОВ, ҚР Президенті жанындағы қазақстандық стратегиялық зерттеу институты Түркістан өңірлік өкілдігінің жетекшісі, социолог.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ