Аспан асты, жер үсті 0 пікір 3553 лайк

Ел келешегін айқындайды

Сәуір 16 / 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусым күні елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтетіні туралы мәлімдеме жасады. Ресми билік өкілінің өкілеттілігі белгіленген мерзімнен бұрын тоқтауына байланысты өтетін кезектен тыс Президент сайлауының тарихи-саяси маңызы зор. Рас, Мемлекет басшысы айтқандай, біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық аренада өзіне лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындады. Оның бірі әлемдік деңгейде өткен ЭКСПО–2017 көрмесі неге тұрады?!

Қасым-Жомарт Кемелұлы ел келешегі еліміздегі әрбір отбасы мен әр азаматтың тағдыры екенін ескеріп, «Мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет. Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады» деп өзінің әділ шешімін айтты.

Қазақстан тарихындағы бұл ерекше маңызы бар сайлауға әрбір қазақстандық үлкен жауапкершілікпен қарап, біркісідей атсалысуымыз қажет. Ел келешегінің кемел болуы, Елбасы жасаған бағдарламалардың жоғары деңгейде жүзеге асуы әрқайсымыздың да қолымызда.

Ибадулла Үмбетаев, Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ