Заң-заман 0 пікір 3544 лайк

«Адалдық елшiлерi»

Сәуір 16 / 2019

 

Дамира молданазарова, «Ońtústik Qazaqstan».

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен жастар арасында «Адалдық елшілері» жобасы аясында іс-шаралар легі басталды.

 

Адалдық елшілері дегеніміз кімдер? Олар азаматтық және патриоттық ұстанымы биік, қоғам өміріне бей-жай қарамайтын, қай істе де алдыңғы шептен көріне білетін жастар. Олар жуырда департамент басшылары мен облыстық Жас Отан жастар қанаты, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлерінің қатысуымен өткен мотивациялық тренингте бас қосты.

– Жастар қазіргі жаңа технологияларды тез меңгереді, сондай-ақ электрондық жүйемен жұмыс істеуге бейім. Ал, осы элек-тронды үкіметтің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда атқаратын қызметі зор. Сонымен қатар, телеграмм-бот мобильдік қосымшасымен жұмыс істеудің де тиімділігі зор. Олай болса, «Адалдық елшілері» алдағы уақытта өңірде сыбайлас жемқорлыққа қатысты деректердің азаюына өз септігін тигізеді деп сенемін, – деді департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев.

Ал, елшілер ендігі жерде тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы өздерінің креативті ұсыныс-пікірлерін білдіре келе «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының электронды мүмкіндіктерін насихаттауда белсенді жұмыс істеуге келісті.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ