Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Өзі сергектің ойы да сергек

Сәуір 16 / 2019

 

Салауатты өмір салтын ұстану, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, жастарды қоғамның жағымсыз әсерінен арылту – болашақ маман даярлайтын азаматтардың ең басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде көптеген жұмыстар қолға алынуда. Университетімізде жыл сайын студенттер арасында спорттың бірнеше түрінен «Декан кубогы» жарысы ұйымдастырылады. «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі факультетінің деканы А.Болысбектің бастамасымен қолға алынған жарыс бүгінде дәстүрлі іс-шараға айналды. Командалар мамандықтары бойынша жасақталып, жарыстар сенбі-жексенбі күндері университеттің спорт кешенінде өткізіледі. Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орын алған командалар декан кубогымен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Биыл оқытушылар және жұмысшылар арасындағы университет спартакиадасында жоғары мектеп факультетінің командасы қол күресі бойынша бірінші орын иеленсе, кіші футболдан екінші орынға ие болды. 40 жылдық тарихы бар «Академик» футбол клубы осы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушыларынан жасақталған. Құрамында ЦКжШТ кафедрасы доценті Б.Серікбаев, жоғары мектеп деканы А.Болысбек, ЦКжШТ кафедрасының аға оқытушысы М.Құрбанбаев, «Сапа» зерттеу орталығы қызметкері Қ.Әлжанов, МӨжМХ кафедрасы докторанты Н.Отарбаев бар клуб қала және облыс денгейінде өткізілетін ардагерлер арасындағы жарыстарға тұрақты қатысады. ЦКжШТ кафедрасының доценті Б.Серікбаев өзінің 60 жасқа толған мерейтойы қарсаңында университеттің спорт кешенінде кіші футболдан жарыс өткізді. Бұқаралық спортты дамыту, саламатты өмір салтын насихаттап қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткізілетін іс-шаралар алдаға уақытта өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Ө.БАЙЫСБАЙ, «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі факультеті деканының орынбасары.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ